09:08 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Малайзия

Малайзия королі "Мәскеу аруына" үйленіп, дүркіретіп той өткізді

Фотохост-агентство
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
395 0 0

Үйлену тойы алкогольді ішімдіктерсіз өтті, дастарқанға тек халал тағамдар қойылды

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Малайзия королі Мұхаммед Бесінші "Мәскеу аруы-2015" байқауының жеңімпазы, ресейлік модель Оксана Воеводинаға үйленді.

World of buzz порталының мәліметінше, үйлену тойы 22 қарашада Мәскеу түбіндегі Барвиха кентінің Luxury Village концерт залында өтті.

 

Тойда спирттік ішімдіктер болмағаны хабарланды, ал салтанатты дастарқанға тек адал ас қойылған.

Қалыңдық қонақтардың алдына сәнді ақ көйлекпен, ал оның күйеуі дәстүрлі Малайзия киімімен шықты.

Оксана Воеводина 22 жасында Мәскеудің ең сұлу қызы атағын жеңіп алды.

Мұхаммед V 1969 жылы 6 қазанда Малайзияда Келантан сұлтанатында дүниеге келді.

Ол бұған дейін Паттани корольдік отбасының мүшесіне үйленген, бірақ 2008 жылы ажырасып кетті, королдің баласы жоқ.  


Тақырып бойынша

Байлығы тасыған қазақтардың ұлан-асыр тойы жұрттың жағасын ұстатты - видео
Қостанайда үйлену тойы күні жас жұбайлар жол апатына түсті
Кілт сөздер:
халал той, үйлену тойы, Қазақстан, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып