13:30 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Жүктілік

Жесір әйел марқұм күйеуінен бала көтермек болды

© Foto: Public Domain
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
1324 0 0

Бірінші ЭКО сәтсіз болып, артынша көп ұзамай әйелдің өзінен 30 жас үлкен күйеуі көз жұмған

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы кеңестік аудандық сот эмбриондарды қайтыс болған ер адамның мұрасы деп танудан бас тартып, жесіріне бала көтеруге рұқсат бермеді. Әйел адам алғаш ЭКО жасатқан Санкт-Петербург қаласындағы ауруханада сақталған ұрықтандырылған аналық жасушалар жойылды, деп хабарлайды "Известия".

Бауырын ауыстырған Толқын Айдарова сәбилі болды
© Foto : Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК

Ростов тұрғыны эмбриондарды күйеуі қалдырған мұра ретінде танып, тағы да ЭКО жасатуға рұқсат сұраған, өйткені былтыр қазан айында жасалған алғашқы процедура сәтті шықпапты. Медициналық қызмет үшін қалалық міндетті медициналық сақтандыру қоры төлеген. Ол кезде әйел адам бала көтере алмай, содан кейін өзінен 30 жас үлкен күйеуі көз жұмады. 

Ауруханада ерлі-зайыптының мұздатылған эмбриондары сақталған екен, алайда дәрігерлер оларды жоюға шешім қабылдапты. Сот та оларды жақтады, өйткені мұндай шешім жұбайлар қол қойған аурухана шартында көрсетілген.

Медициналық мекеме заңгерлері айтқандай, эмбриондар мұра ретінде қабылдануы үшін федералды заңдарға өзгерту енгізілуі тиіс. Оның үстіне адам құқығы бойынша Еуропалық соттың Үлкен палатасы 2007 жылы 10 сәуірден бастап жесір әйелдерге күйеуі тірі кезде алынған эмбриондардың көмегімен бала көтеруге тыйым салған.

Тақырып бойынша

Астанада ВИЧ жұқтырған әйелдер дүниеге дені сау сәби әкелді
Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті
Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"
Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді
Сәби ата-анасы өлгеннен соң 4 жылдан кейін дүниеге келді
Кілт сөздер:
ЭКО, марқұм, жесір әйел, жүктілік, Ресей
Загрузка...

Басты тақырыптар