20:22 20 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Сүймен ұстаған ер адам

Ресейде бұрынғы милиционер елсіз жерде 81 адамды өлтіргені үшін сотталды

CC0
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
1276 0 0

"Ангарск маньягі" деген лақап атты иеленген Михаил Попков жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Иркутск қаласының бұрынғы милиция қызметкері Михаил Попков 59 адамды өлтіріп, біреуіне қастандық жасағаны үшін екінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұл жантүршігерлік қылмыстарды Попков 1992 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде жасаған, деп хабарлады РИА Новости тілшісі сот залынан.

Ангарск маньягі Михаил Попков тергеу тәжірибесі кезінде
© Foto : Ресей Тергеу комиеті
"Ангарск маньягі" Михаил Попков тергеу тәжірибесі кезінде
"Ангарск маньягі" деген лақап атқа ие болған кісі өлтіруші жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді. 
Үш жыл бұрын, 2015 жылдың қаңтарында Попков 22 адамды өлтіріп, тағы екі әйелге ауыр дене жарақатын келтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын.

Үкім шығарылғаннан кейін экс-милиционер тағы 60-қа тарта қылмысты мойнына алды.

Попков кешке немесе түнде көлігімен көшеге шығып, жәбірленушілерді үйіне жеткізіп салуды ұсынып отырған, кейде бірге уақыт өткізуге шақырған. Содан кейін оларды елсіз далаға алып барып, өлтірген.
Маньяк 2012 жылы Владивостокта ұсталды. Оны құқық қорғаушылар қылмыс орындарында табылған автокөлік ізі арқылы тапқан.
Сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша "гомицидомания" – адам өлтіруге ырық бермейтін құштарлық деген диагноз қойылды. 

Тақырып бойынша

Талдықорғанда бастығын атып өлтірген подполковник құпияның бетін ашты
Павлодардағы қанды оқиға: анасы мен өгей әкесін өлтірген жасөспірімге үкім шықты
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Такси жүргізуші екі қызды өлтірген "маньякті" алып жүргенін айтты
Кілт сөздер:
маньяк, қылмыс, кісі өлтіру, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып