Әлем

Оқушы қыз тапаншамен селфи жасаймын деп өзінің бетіне атып жіберді

Жазылу
Травматикалық қарудан атылған оқ жасөспірімнің жағын сындырып жіберген

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Ресейде 13 жастағы қыз тапаншамен селфи жасаймын деп бетін жарақаттап алды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің Мәскеу облысындағы басқармасы хабарлады. 

Әйел, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Әйел қансырап жатқан күйеуімен бірге селфи жасап, таныстарына жіберген

2019 жылдың 5 қаңтарында қыз саяжайдағы үйдің екінші қабатына көтеріліп, әкесіне айтпай травматикалық тапаншаны алған. Ол онымен фото түсіргісі келеді. Суретке түсіру процесі кезінде абайсызда тапаншаның шүріппесін басып жіберген, осылайша кездейсоқ өзіне оқ атқан, деп жазылған хабарламада.

Травматикалық қарудан атылған оқ жасөспірімнің жағын сындырып жіберген. 

Тексеру кезінде қаруға рұқсат алынғаны анықталды, алайда қыздың әкесі оны дұрыс сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

РФ ТК баспасөз қызметі атап өткендей, тексеру нәтижесі бойынша процессуальды шешім қабылданады.


Жаңалықтар
0