Әлем

Мәскеуде бизнесмен өзін ұрлап әкеткен қаскүнемдерге тойтарыс берді

© AP Photo / Bikas DasТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкерден 20 миллион рубль құн талап еткен, алайда ол броньды автокөлігіне мініп, адам ұрлаушыларға қарсы тұрды

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Мәскеуде адам ұрлаушылар жергілікті ірі бизнесменнен ақша талап етеміз деп соққы жеді. Ер адам қылмыскерлердің көлігін соғып өтіп, оқ жаудырған, деп хабарлады РенТВ.

Айырбас пунктіне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды - Sputnik Қазақстан
Видео
Ақша айырбастау пунктіне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

20 қаңтар күні түнде куәгерлер полицияға атыс болып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері белгісіз біреулер 1989 жылы туған ер адам отырған Porsche Cayenne-ге келіп, оны ВАЗ-21144 көлігіне күштеп мінгізіп, екі көлікпен Мәскеу облысы аумағына кеткенін анықтады.

Алдын ала мәлімет бойынша Porsche Cayenne жүргізушісі арнайы оптикалық жүйелер өндіретін холдингтің коммерциялық директоры В. Васюков болып шықты. 

Қаскүнемдер оны қорқытып, 20 миллион рубль бопсалаған. Осыдан кейін қылмыскерлер ақшаны алу үшін Васюковпен бірге оның үйіне келеді.  Коммерциялық директор гаражға кіріп, "Гелендвагенге" мінеді де, тұрақта тұрған "Жигулиді" қатты келіп соғады, содан кейін жүргізушіге қарай оқ атқан. Зардап шегуші аяғынан жараланып, ауруханаға жатқызылды, кейін ол полиция бөліміне жеткізілді. Оған еріп келген белгісіз тұлға Porsche Cayenne-мен ізін жасырды.

 

 



Жаңалықтар
0