Әлем

Құймақ жеуден сайысқа түсіп, қарсыластарын шаң қаптырған жігіт көз жұмды

© Photo : pixabay/RitaEҚұймақ
Құймақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға "Масленица" мерекесін тойлау кезінде болған

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Ресейдің Владимир қаласында құймақ жеуден жарысқа қатысқан адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетінің жергілікті басқармасына сілтеме жасап.

Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісірді - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісірді - видео

Оқиға қаладағы "Масленица" мерекесін тойлау алаңдарының бірінде болған.

"Ер адам сайысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Бір шетке шығып, кенет өзін нашар сезінді де, құлап түсті. Жедел жәрдем оның қайтыс болғанын хабарлады", — деді тергеу комиетінің өкілі.

Қаза тапқан ер адам құймаққа қақалып қалды ма, әлде өліміне басқа бір жайт себеп болды ма – әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары сараптама нәтижесін күтіп отыр.

Жаңалықтар
0