03:41 14 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Иллюстративті фото

Ашуға булыққан мұғалім баланың арқасына ыстық үтік басып алды

CC0 / Alexas_Fotos
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
891 0 0

Полиция мұғалімге "Ұрып-соғу" бабы бойынша әкімшілік іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Ресейдің Воронеж облысында технология пәнінің мұғалімі жанжал кезінде 12 жастағы оқушыны үтікпен күйдірді. Бұл туралы "Мое Online" порталына баланың анасы хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға 20 наурызда болған. Баланы І және ІІ дәрежелі күйік шалыпты.

"Ол үтіктің баусымын розеткадан суырып, ұлымның арқасына басып, бу шығарған", - дейді әйел.

Мектеп директоры Валерий Синягин мұндай оқиғаның болғанын растады.

"Ол мұғалім біздің мектепте 35 жылдан аса уақыт жұмыс істеді, өзінің айтуынша, сол күні балалар әбден ашуына тиіп, жүйкесі сыр берген", - деп түсіндірді ол.

Синягин ер адам сол күні-ақ мектептен кетуге өтініш жазғанын айта кетті.

Порталдың мәліметінше, полиция мұғалімге "Ұрып-соғу" бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.

 

Тақырып бойынша

Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды
Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды – видео
Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен
Мұғалім оқушының маңдайына "жынды" деп жазып жатқанда күтпеген оқиға болды
Құлағынан бұрап, басынан ұрған: мұғалім оқушыға қол көтергені үшін айыпталды
"Туфлиін шешіп алып ұратын". Жұлдыздар мектептегі қызықты оқиғаларын айтып берді
Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студентті ұрып-соқты – видео
Кілт сөздер:
Ресей, мұғалім
Загрузка...

Басты тақырып