03:20 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
 Иллюстративті фото

Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті – видео

CC0 / leversandpulleys
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
2872 0 0

34 жастағы әйел жол шетінде келе жатқан екі қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, алайда біраз уақыттан кейін қайтып келген...

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Ресейде шетел көлігін мінген мас әйел екі қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін қайтып оралып, зардап шегушілердің бірін басып кеткен, деп хабарлады РИА Новости.

РФ ІІМ алдына ала мәліметінше, 6 сәуір күні түнде Свердлов облысының Белоярский елді мекенінде 34 жастағы мас әйел Nissan Juke көлігімен жол шетінде келе жатқан 17 жастағы екі қызды қағып кеткен. Әйел кетіп қалған, алайда сәлден кейін қайтып келіп, қыздардың бірін басып өтіп, ізін суытқан. Құқық қорғаушылар оның кім екенін, көлігінің маркасы мен нөмірін анықтады.

 Дәрігерлер қыздардың екеуі де жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын хабарлады. Сондай-ақ бірінің жамбас сүйегі сынып, екіншісінің жұлыны қысылып қалған.

Жүргізушіге мас күйінде көлік жүргізгені және апат орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеушілер РФ Қылмыстық кодексінің "Жол және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тақырып бойынша

"Ол мас!" Тәртіп сақшысы жантүршігерлік жол апатын жасады – видео
Алматыда көлік аялдамаға соғылды: қаза болғандар бар
Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті – видео
"Қарасам аяғы жоқ" Алматы аялдамасындағы апаттың мән-жайы белгілі болды
Қарағандыда өз отбасын қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты
Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: кінәлі жүргізушіге үкім шықты
Кілт сөздер:
Ресей, жол апаты, мас әйел
Загрузка...

Басты тақырып