15:13 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Әйел адам

Ресейдің халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты

CC0 / StockSnap
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
19272 0 0

Актриса Алена Яковлева басынан өткен жантүршігерлік оқиғаны айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Ресейдің халық әртісі Алена Яковлева НТВ арнасындағы "Секрет на миллион" бағдарламасына берген сұхбатында өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты.

Әйелін талдырып, өгей қызын зорлаған Ақтөбе тұрғыны ұсталды

Жолшыбай кезіккен көлік

Актрисаның айтуынша, бір күні тәтесінің үйіне барып келу үшін жолшыбай көлік ұстайды. Автода екі жігіт отырған. Олар әртісті межелеген жеріне апарып салып, оны күтіп, қайтадан үйіне жеткізіп салуды ұсынады. Яковлева келісе кетеді, алайда қайтар жолда көлік оның үйіне тоқтамаған.

Алена Яковлева мен Гоша Куценко
© Sputnik / Владимир Вяткин
Алена Яковлева мен Гоша Куценко

Әйелді ай даладағы үйге алып барады, онда тағы бір ер адам бар екен. Әуелі Яковлеваға ішімдік ұсынады, ер азаматтардың өзі сау болған, бірінің "түрі ұсқынсыз болған". Актриса тұрып, кетпек болып еді, оны жібермей қояды.

Жолдастарымен бәсекелескен жігіт ұйқыдағы аруды зорлады

Үш жігіт жабылып зорлады

Сол сәтте әртіс айғайлап, көмек сұраудың еш көмектеспейтінін түсінеді – дымын шығарса, оны "ұрып-соғып, өлтіріп, бір шұңқырға тастай салар еді". Сол себепті ол: "Жақсы онда. Бірінші қайсың?" – деп сұрайды. Мұны естіген жігіттер бастапқыда абдырап қалыпты.

"Мән-жайын толығымен айтпай-ақ қояйын. Істейтіндерін істеді", - деді Яковлева.

Бір қызығы, жәбірленушінің айтуынша, ер азаматтар оны зорлағаннан кейін үйіне жеткізіп салыпты. Актриса көліктің нөмірін есте сақтамаған, ата-анасына да, құқық қорғау органдарына да болған жайтты айтпайды.

Яковлева бұл оқиғадан үлкен сабақ алған. "Мені Жебеуші періште мен Құдай сақтап қалды", - дейді әртіс.

Төрт ер адам жабылып зорлаған қызға такси шопыры да қиянат жасады

Халық әртісі Алена Яковлева кім?

Алена Яковлева — Мәскеу академиялық әзіл-ысқақ театрының актрисасы, Кеңес Одағының халық әртісі Юрий Яковлевтің қызы. Юрий Яковлев "Ирония судьбы или С легким паром", "Иван Васильевич меняет профессию", "Гусарская баллада" басты рөлдерді сомдаған.

Тақырып бойынша

Түсік жасатуға қарсы күресіп жүрген адам 13 жастағы қызын зорлап тастады
Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті
Жүкті әйелін зорлай алмағанына ызаланған еркек жантүршігерлік қылмыс жасады
Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті   
Өзін зорлаған ер адамнан аяусыз кек алған әйел темір торға қамалды
Кілт сөздер:
халық әртісі, зорлау, актриса
Загрузка...

Басты тақырып