03:27 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Архивтегі сурет

Күйеуіне ерегіскен келіншек қызын өлтірмек болды – видео

© Foto: CC0 / Igor Ovsyannykov
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
331 0 0

Ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға бұрынғы күйеуін қайтару үшін барған

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Ресейде әйел туған қызының тамағына пышақ кезенді.

Клин қаласының тұрғыны бұрынғы күйеуін "егер отбасыңа келмесең, балаларыңды өлтіремін" деп қорқытқан.

Екі қыздың әкесінің айтуынша, бұрынғы әйелімен ажырасқан соң, қыздары туған анасымен қалған. Әкесі қыздарына жиі барып тұрыпты, деп хабарлады life.ru порталы.

Осындай кездесулердің бірінде Маргарита қызының бірінің мойнына пышақ кезеп, күйеуіне "оларды өлтіремін" деп сес көрсеткен.

"Қазір баланы өлтіремін. Неге тұрсың? Ер жігіт қашқанның орнына баласын қорғамай ма?", - дейді әйел әлеуметтік желіде тараған видеода.

Сонымен қатар ол бұрынғы күйеуінің қызметтік көлігіне зақым келтірген. Жігіттің айтуынша, бұрынғы әйелі мас болған, бұрын ешқашан мұндай қадамға бармаған.

Полиция баласының құлағын кесіп алған қатыгез әйелді ұстады

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Ресейдің ішкі істер министрлігі Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы тергеуді бастады.
Кейін ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға бұрынғы күйеуін қайтару үшін барғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Маргарита отбасындағы ұрыс-керістен жүйкесі сыр бергенін де мойындады.

Тақырып бойынша

Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Жетісайлық әйел өгей қыздарын қорлаған: министрлік мәлімдеме жасады
"Баласын таспен ұрып, комаға түсірді": алматылық әкенің ісі сотта қаралды
"Тамағына пышақ тақаған" Қарағанды тұрғыны туған қызын кепілге алды
"Балаларымды қайтарыңдар" Қорғалжында ер адам бұрынғы әйелін кепілге алды
Кілт сөздер:
видео, келіншек
Загрузка...

Басты тақырып