14:04 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Бала

Балабақша меңгерушісі балаға тіл тигізіп, жерді сүйгізді - видео

CC0 / Anita S.
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
1407 0 0

Әйел адам сәбиді балағаттап, тізерлеп жерді сүюге мәжбүрлеген

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Ресейдің Краснодар қаласында балабақша меңгеруші бүлдіршінді басқа балалардың көзінше балағаттап, жерді сүйгізді.

Әйел адамның балаға тіл тигізіп жатқаны түсірілген видео желіде жарияланған.

Балабақша басшысы балаға "тізерле" деп айғалап, артынша өзі жұлқып, жерге отырғызды. Бейнежазбада әйелдің сәбиді "оңбаған, жексұрын" деп балағаттап жатқаны анық естіледі.

"Кубанские новости" басылымы жазғандай, оқиғадан кейін балабақша жұмысшысы қызметінен босатылатын болды. Бұл туралы Краснодар қаласы білім басқармасының директоры Алексей Некрасов хабарлапты.

Тағы оқыңыз: Теміртауда балабақша тәрбиешісі жылаған сәбиді тұншықтырды - видео

Оның айтуынша, әйел адам жуық арада жұмыстан шығарылады.

"Меңгеруші өрескел қылық танытып, баланың намысына тиді, психикалық қана емес, физикалық қысым көрсетті. Осы әрекетімен басқа балалардың да намысын аяқ асты етті", — деп түсіндірді шенеунік.

Ал балабақша басшысы бүлдіршінді  "бұзық бала" деп ақталған. Оның айтуынша, сәбиі "орыстарды және Ресейді жек көремін" депті.

Осы жайтқа қатысты полиция тексеріс бастады.

Тағы оқыңыз: Атырауда теріс діни ағымда жүргендер балабақша ашып жатыр

Кілт сөздер:
балағаттау, видео, бала, балабақша
Загрузка...

Басты тақырып