Әлем

Қазақ оркестрі Мәскеуді әнге бөледі

© Photo : Посольство Казахстана в РоссииҚұрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің концерті
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің концерті  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ аспаптар музыкасының шедеврлерін тыңдауға бес жүз адам келіп, орындаушылардың таңғажайып дауысынан ләззат алды

МӘСКЕУ, 4 мамыр – Sputnik. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі Ресейде "Ұлы дала әуендері" концертін қойды. Ұжымның 85 жылдық мерейтойына арналған екі сағаттық бағдарлама – "Геликон-Опера" Мәскеу музыкалық театрында өтті.

© Photo : Посольство Казахстана в РоссииҚазақ аспаптар музыкасының шедеврлерін тыңдауға бес жүз адам келді
Қазақ оркестрі Мәскеуді әнге бөледі - Sputnik Қазақстан
Қазақ аспаптар музыкасының шедеврлерін тыңдауға бес жүз адам келді

500-ге жуық көрермен сиятын "Геликонның" ғажайып залында ел сүйіп тыңдайтын "Дударай", "Сарыарқа" және өзге де халық әндері шырқалды.   

Барлығы 21 композиция: орыс халық әндері, Құрманғазы, Евгений Брусиловский, Леонард Бернштайн сияқты қазақ, орыс және өзге композиторлардың шығармалары орындалды. Қазақ өнерінің танымал тұлғалары оркестрмен бірге өнер көрсетті.

"Мұнда бізді халық күтіп отыр, мен оны білемін. Өйткені өткен жылы Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде концерт қойдық, онда бізді тыңдауға Францияға арнайы ұшып келген ресейліктер қарсы алды", - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов.

2019 жылы оркестр 100-ге жуық концерт өткізуді жоспарлап отыр.

© Photo : Посольство Казахстана в РоссииБарлығы 21 композиция орындалды
Қазақ оркестрі Мәскеуді әнге бөледі - Sputnik Қазақстан
Барлығы 21 композиция орындалды

"Өте жемісті жұмыс істеп жатырмыз, өйткені бізге мүмкіндік беріліп отыр. Жақында ғана концерт залын алдық, бұл оркестрдің тарихындағы екінші ғимарат. Мәскеуден Петербургке, сосын Бейжіңге барамыз. Айтпақшы, осыған дейін Құрманғазы оркестрі Мәскеуде 16 және Санкт-Петербургте 30 жыл бұрын өнер көрсетті. Адамдарға мереке ұйымдастырамыз деп үміттенеміз", - деп атап өтті Нұрғиса Дәуешов.

Келесі концерт 5 мамыр күні Санкт-Петербургтегі Михайлов театрында өтеді.

Қазақ композициясының ауыр артиллериясы

85 жыл ішінде Құрманғазы оркестрі әлемнің 80-ге жуық елінде өнер көрсеткен. Қазір ұжымда 85 музыкант жұмыс істейді. Оркестрдің репертуарында 4000-нан аса туынды бар. Окестрдің бас дирижері – жас та болса бас болып жүрген "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Абылай Тілепберген. Оркестрдің бас концертмейстері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев.

© Photo : Посольство Казахстана в России85 жыл ішінде Құрманғазы оркестрі әлемнің 80-ге жуық елінде өнер көрсеткен
Қазақ оркестрі Мәскеуді әнге бөледі - Sputnik Қазақстан
85 жыл ішінде Құрманғазы оркестрі әлемнің 80-ге жуық елінде өнер көрсеткен

Нұрғиса Дауешовтың айтуынша, қазақ бар жерде Құрманғазы оркестрі бар, қазақ бар жерде Құрманғазы бабамыз, қазақтың күйі бар. Бүгінгі оркестрдің көрермені деп аға буыннан мектеп жасындағы баланы атауға болады.

© Photo : Посольсвто Казахстана в РоссииОсыған дейін Құрманғазы оркестрі Мәскеуде 16 және Санкт-Петербургте 30 жыл бұрын өнер көрсеткен
Қазақ оркестрі Мәскеуді әнге бөледі - Sputnik Қазақстан
Осыған дейін Құрманғазы оркестрі Мәскеуде 16 және Санкт-Петербургте 30 жыл бұрын өнер көрсеткен

Оркестрдің тарихына үңілсек, 1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге әйгілі күйші Құрманғазының аты берілді. 1978 жылы академиялық оркестр болды,  ал 1984 жылы оркестр "Халық достығы" орденімен марапатталған.

Өнерпаздар әлемдік хиттерді орындады

Биылғы жылдың ақпанында Оркестрдің 85 жылдығына орай Алматы қаласында "Оркестр түні: әлемдік хиттер" кеші ұйымдастырылып, қалың көрерменнің жүрегіне жол тапты.

Оркестрдің 85 жылдығына арналған концертте көпшілікке танымал Мирас пен Құралай Бекжановтар, Жеңіс Ысқақова, Satzhan Project өнер көрсетті.

Әлемдік хиттерді жастар жылымен байланыстырып қойған оркестр "My heart will go on", "I will survive", "Shape of my heart", Карл Дженкинкстің "Palladio" әнін орындап шықты. Ұлттық аспаптар арқылы әлемнің кез келген музыкасын көрсетуді мақсат еттік дейді ұйымдастырушылар.

Жаңалықтар
0