21:24 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04

"Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

© Sputnik /
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
23521 0 0

Жолаушылар ұшақтың отқа оранған сәтін видеоға түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 6  мамыр – Sputnik. Шереметьево әуежайында "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қырық бір адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости.

"41 адам", - деп мәлімет берді Ресей федерациясының Тергеу комитеті Мәскеу қаласының көліктегі өңіраралық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Елена Марковская.

Басылымның жазуынша, бортта болған 78 адамның ішінде 37-сі аман қалған – 33  жолаушы мен төрт экипаж мүшесі.

Алты адам ауруханаға жатқызылды, олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Жантүршігерлік видео

Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары әуе кемесінің қанаты өртенген жантүршігерлік сәтті видеоға түсіріп алған.

РЕН ТВ басылымы жариялаған видеода ұшақтың қанаты көзді ашып-жұмғанша отқа оранды. Жолаушылардың дүрлігіп, жан ұшыра айғайлаған дауыстары естіледі.

Әуе апатының мән-жайы

Мәскеуден Мурманск қаласына аттанған "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні кешке Шереметьево әуежайына шұғыл қайтып оралды, әуеде 28 минут ұшқан ұшақ әуежайға қатты қонған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыруға мүмкіндік туды. Ұшақтың тағандары сынып, қозғалтқыштары өртенген.

видео очевидцев
Куәгерлер видеосы

Тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Мурманск облысында үш күндік аза тұту жарияланды. Қаза тапқан өңір тұрғындарының отбасы миллион рубль көмек алса, ауруханада жатқан зардап шегушілер – 500 мың рубль.

Кілт сөздер:
видео, ұшақ апаты, Мәскеу
Загрузка...

Басты тақырып