13:34 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Ер мен қыз

Аңғал әке балабақшадан байқамай біреудің баласын алып кеткен

© AP Photo / David Goldman
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
316 0 0

Ер адам қателескенін үйге жеткенде бір-ақ түсінген

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Коми республикасының тұрғыны балабақшадан бөтен біреудің қызын алып кетті. Ол қателескенін үйіне келгенде бір-ақ білген, деп хабарлайды РИА Новости.

8 мамырда ер адам Усть-Вымский ауданындағы "Сказка" балабақшасына келеді. Ол 6 жастағы қызды өзінің баласы екен деп, көлікке отырғызып әкеткен. Үйіне жеткен соң, баланың өзінікі емес екенін біліпті.

Тағы оқыңыз: Балабақша меңгерушісі балаға тіл тигізіп, жерді сүйгізді - видео

Ол екі арада балабақша меңгерушісі полицияға арызданып үлгерсе керек. Бірақ аңғал әке кішкентай қызды тәрбиешілерге бірден алып келеді.

ІІМ хабарлағандай, ер адам сау болған, құқық қорғау органдары оған қарсы ешқандай шара қолданбады.

Кілт сөздер:
қыз, әке, балабақша
Загрузка...

Басты тақырып