01:04 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Операция, архивтегі сурет

КСРО халық әртісі ауыр хәлде ауруханада жатыр

© Sputnik / Варвара Гертье
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
19629 0 0

Актриса Инна Чурикова қойылым кезінде сахнадан құлап, жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. КСРО халық әртісі, ресейлік актриса Инна Чурикова театрда қойылым кезінде сахнадан құлап, ауруханадан бір-ақ шықты. Ол Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігерлердің айтуынша, актрисаның қабырғасы сынған.

Ал бұған дейін "Ленком" театрының директоры жедел жәрдем дәрігерлерінің Чурикованың өміріне қауіпті жарақат анықтамағанын хабарлаған еді.

Айта кетсек, актриса қойылымның соңында күтпеген жерден сахнадан құлап түскен. Көрермендер Чуриковаға сахнаға көтерілетін баспалдаққа дейін баруға көмектескен. Ал сахнаның сыртына оны көтеріп алып кетеді. Оқыс жағдайға байланысты қойылымды тоқтатуға тура келген.  

Народная артистка СССР, актриса Московского государственного театра Ленком Инна Чурикова
© Sputnik / Алексей Никольский
Инна Чурикова

Инна Чурикова 1943 жылы Башқұрстандағы Белебай қаласында дүниеге келген. Щепкин атындағы Жоғарғы театр училищесін бітіреді.

Чурикова 1984 жылы Берлин кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымында "Военно-полевой роман" фильмі үшін жүлде алады. Актриса "Морозко", "Тот самый Мюнхгаузен", "Идиот", "Васса", "Любовь Яровая" және "Ширли-мырли" фильмдеріндегі рөлі арқылы танымал болды.

1991 жылы Чурикова КСРО халық әртісі атағын алған. 

Тақырып бойынша

Қазақстанның халық әртісі дүниеден озды
Бішкекте 102 жастағы Қазақстанның халық әртісі дауыс берді
КСРО халық әртісі қайтыс болды
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы не ойлайтынын айтты
Ресейдің халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
Загрузка...

Басты тақырып