Әлем

Танымал ресейлік әнші қайтыс болды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЦветы и свеча, архивное фото
Цветы и свеча, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарашада шансон жұлдызы Вилли Токарев 85 жасқа толуы керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Ресейлік әнші әрі композитор Вилли Токарев қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости әртістің ұлына сілтеме жасап.

"Әртістің неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ. Марқұммен қоштасу рәсімінің күні мен уақыты кейінірек белгілі болады", - деп хабарлады агенттік.

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуРесейлік әнші әрі композитор Вилли Токарев
Танымал ресейлік әнші қайтыс болды - Sputnik Қазақстан
Ресейлік әнші әрі композитор Вилли Токарев

Мамыр айында БАҚ-та Токаревтің ауруханада жатқаны туралы жазылды.

Вилли Токарев деген атпен белгілі Вилен Иванович Токарев 1934 жылдың 11 қарашасында қазіргі Адыгей Республикасында дүниеге келген.

Оның арғы тегі – Кубань казактары. Ата-анасы Владимир Ильич Лениннің құрметіне Вилен деген ат қойыпты.

1974 жылы Токарев КСРО-дан АҚШ-қа қоныс аударды.  1981 жылы "В шумном балагане" альбомын шығарды.

Тоқсаныншы жылдары Токарев Ресейге оралды. Әсіресе, "Небоскребы", "Журавли", "А жизнь всегда прекрасна" әндерімен көпшілікке танымал.

Үш рет үйленген, балалары мен немерелері бар.

2013 жылы Токарев Қазақстанның елордасына арнап "Астана" әнін жазды.

Жаңалықтар
0