13:02 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Жасөспірім жүктілігі

17 жасар бес қыз дүниеге бесінші сәбилерін әкелді

CC0 / Khusen Rustamov
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
2083 0 0

Ресейдің Жоғарғы экономика мектебі Демография институты мамандарының пікірінше, бұл - "кей өңірлер үшін" қалыпты жағдай

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. 2018 жылы 17 жастағы бес ресейлік қыз бесінші рет ана атанды, деп хабарлады РИА Новости Мемлекеттік статистика федералды мемлекеттік қызметіне сілтеме жасап (Росстат).

Сонымен бірге 12 жастағы төрт қыз алғаш рет ана атанып, он үш жастағы 34 қыз тұңғыш рет сәби сүйген, 14 жастағы 109 қыз бірінші балаларын, тағы төртеуі екінші бөбектерін туған.

"Кей өңірлерде бұл қалыпты жағдай болып саналады – қызды ерте тұрмысқа береді, әрине, кейде қылмыстық оқиғалар болады, бәрі болуы мүмкін, жалпы статистикаға қарағанда бірен-саран жайт", - деп Жоғары экономика мектебі Демография институтының директоры пікір білдірді.

Айта кетсек, Ресей азаматы 16 жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге келісім бере алады. 2009 жылдан бері Ресейдің Қылмыстық кодексіне енгізілген түзету бойынша, 14 жастан асқан бірақ 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түскен азамат екеуі үйленген жағдайда жауапқа тартылмайды.

Тағы оқыңыз: Оқушы қыз өзін зорлаған азғыннан жүкті болып қалды

Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық немесе зорлау үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту 14 жастан басталады.

Қазақстандағы жасөспірім жүктілігі

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА зерттеуі бойынша, Қазақстанда жасөспірімдер орташа есеппен 16,5 жаста жыныстық қатынасқа түсе бастайды. Жастардың 29,4%-і кәмелеттік жасқа толғанға дейін жыныстық қатынасқа түседі.

Сексуалды белсенді жасөспірім қыздардың 16,7%-і бұрын жүкті болғандарын растады. Олардың 62%-і сәбиін дүниеге әкелген, ал 22%-і аборт жасатып, тағы 16%-і түсік тастаған.

Жасөспірімдер жүктілігі көбінесе Түркістан облысында кездеседі. Бұл өңірде 15-16 жастағы қыздар арасында туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 30,02 болды. Бұл - елдегі ең жоғары көрсеткіш.

Кілт сөздер:
жасөспірімдер, жүктілік, сәби
Загрузка...

Басты тақырып