Әлем

Қазақстандық балалар ғылыми журналы Ресейде жарық көреді

© Photo : OylaЖурнал Oyla
Журнал Oyla - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымдық журнал күзде Жапонияда шығарыла бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Қазақстанның OYLA ғылыми-танымдық журналы қазақ тілінен аударылғанда "ДУМАЙ" деген атаумен Ресейде шығарыла бастады.

Ресей франшиза бойынша басылымды шығаруды қолға алған он үшінші ел болды. Журналға онлайн жазылуға болады.

OYLA алғаш рет 2016 жылы Қазақстанда жарық көрді, 2017 жылы ағылшын тілінде Жаңа Зеландияда, Австралияда және Оңтүстік Кореяда шықты.

© Sputnik / Ксения ВоронинаOYLA ғылыми-танымдық журналының Ресейдегі нұсқасы
Қазақстандық балалар ғылыми журналы Ресейде жарық көреді - Sputnik Қазақстан
OYLA ғылыми-танымдық журналының Ресейдегі нұсқасы

2018 жылы басылым Еуропаға келіп, қазірде оны Австрия, Бельгия, Германия, Нидерланды, Швейцария, Лихтенштейн және Люксембург  балалары оқып жүр. 2019 жылдан бастап OYLA Үндістанда шығарыла бастады. Ал Ресейде журналдың алғашқы саны қыркүйек айында жарық көреді.

Сонымен бірге OYLA биыл он төртінші ел – Жапонияда да шығарылады.

Бір қызығы, Германия мен Ресейден басқа барлық елде журнал түпнұсқа атауымен баспадан шығып жүр.

OYLA журналы балалар арасында ғылымды кең насихаттауға бағытталған, басылымды жасөспірімдер де, ересектер де оқи алады.

Жаңалықтар
0