15:08 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Композитор Игорь Крутой

Тасмағамбетов "Новая волна" сахнасында Игорь Крутойды құттықтады

© Sputnik / Сергей Пятаков
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
230 0 0

Тасмағамбетов Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде композиторға "Достық" орденін табыстады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов танымал ресейлік композитор Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде Қазақстан халқы маэстроны қалай ерекше құрметтейтінін жеткізді.

Шығармашылық кеш Сочиде өтіп жатқан "Новая волна" конкурсының ашылу күні болды. Шоуда әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген ән шырқады. Ерекше дауыс иесі "Olympic" әнімен көрермендердің қошеметіне бөленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойға Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін орден табыс етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

"Ресей Федерациясының халық әртісі, Қазақстан халқы жақсы көретін әрі ерекше бағалайтын композитор Игорь Крутойдың бірегей және жан-жақты шығармашылығы өшпес құндылықтардың бейнесі. Сол себепті Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Игорь Крутой республиканың жоғары мемлекеттік наградасы – "Достық" орденімен марапатталды", - деді Тасмағамбетов, деп жазады РИА Новости.

Композитор бұл наградаға жалғыз өзі ғана үлес қоспағанын айтып, сахнаға отбасын шақырды.

Тағы оқыңыз: Танымал ресейлік жүргізуші Димашты әлемнің жаңа секс-символы деп атады - видео

Атап өтсек, "Новая волна" жас әншілердің халықаралық байқауы 24-29 тамыз аралығында Сочиде өтіп жатыр.

Тақырып бойынша

Ержан Максимнің анасы Тасмағамбетов баласына қандай ақыл бергенін айтты
"Современник" театры Нұр-Сұлтанда: Тасмағамбетов қандай сыйлық жасады?
Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты - видео
Димаш пен Тасмағамбетов Түркияда туған күнде жүр – видео
Кілт сөздер:
Игорь Крутой, Иманғали Тасмағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып