15:18 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Жұмысшылар үйіндіні тазалап жатыр

Салынып жатқан ғимарат опырылып түсті: адамдар үйінді астында қалды – видео

© REUTERS / Carlos Jasso
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
3067 0 0

Құтқарушылар оқиға орнына аттанды, төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Новосібірде салынып жатқан ғимараттың қабырғасы опырылып құлады. Адамдар үйінді астында қалды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің бірі үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді ведомстводан.

Төтенше жағдай кезінде ғимаратта 12 жұмысшы болған.

Ударная көшесіндегі нысанның опырылып түскені туралы хабар жергілікті уақытпен 12:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 11.20) келіп түскен.

Тағы оқыңыз: Қытайда қала ішіндегі жол ортасынан опырылып түсті – қорқынышты видео

"Оқиға орнына автоцистерналар, муниципалды апатты-құтқару қызметінің бөлімшелері аттанды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 70 адам мен 20 техника іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Кілт сөздер:
жұмысшылар, ғимарат, төтенше жағдай
Загрузка...

Басты тақырып