10:59 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
КСРО халық әртісі дүниеден озды

86 жасқа қараған шағында халық әртісі дүниеден озды

© Sputnik / Сергей Ким
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
12365 0 0

Атақты режиссердің өкпесі қайта қабынып, ауруханаға түскен. Оны соңғы сапарға шығарып салу рәсімі қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек — Sputnik. "Ленком" театрының жетекшісі, танымал ресейлік режиссер, Кеңес одағының халық әртісі Марк Захаров сенбі, 28 қыркүйекте 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Захаровтың өмірден озғаны туралы ақпаратты "Ленком" театрының директоры Марк Варшавер растады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ауыр қаза. Өкпесі қайта қабынып, ауруханада жатқан Марк Захаров екі сағат бұрын қайтыс болды", - деді ол.

Варшавер атақты режиссерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз екенін айтты.

Марк Захаров 1933 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ол 1973 жылы Ленин комсомолы атындағы (қазіргі "Ленком" ) театрдың бас режиссері болып тағайындалады.

Художественный руководитель театра Ленком Марк Захаров
© Sputnik / Владимир Астапкович
Марк Захаров

Режиссердің көптеген жұмысы кеңестік және ресейлік кинематографияның алтын қорына енді: "Двенадцать стульев", "Обыкновенное чудо", "Тот самый Мюнхгаузен", "Дом, который построил Свифт", "Формула любви", "Убить дракона", "Белое солнце пустыни".

Тақырып бойынша

79 жастағы халық әртісі нәрестелі болды
КСРО халық әртісі ауыр хәлде ауруханада жатыр
Ресейдің халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы не ойлайтынын айтты
Қырғыздың халық әртісі Димаш Құдайберген туралы не ойлайтынын айтты
КСРО халық әртісі қайтыс болды
Кілт сөздер:
халық әртісі
Загрузка...

Басты тақырып