17:01 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Балалар сабақта, архивтегі фото

Түмен облысында қазақ сыныбы ашылды

© Sputnik / Кирилл Брага
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
128 0 0

Ресейде тұрғындардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы артып жатыр, деп хабарлады Қазақстан елшілігі

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Түмен облысының Упорово ауылында қазақ сыныбы ашылды. Аудан басшылығы қазақ тілі мен мәдениеті сыныбы ретінде безендірілетін жеке бөлме бөлмек.

"Упороводағы қазақ сыныбы – облыс орталығын санамағанда, облыстың аудандарындағы жаңалықтың алғашқы жаршысы. Ата-аналар балаларын аптасына екі рет сабаққа апарады. Ауданның барлық ауылы аудан орталығынан алыс емес. Ұстаз – педагогикалық білімді Қазақстанда алған кәсіби мұғалім Майрамгүл Ахметқалиқызы Айтқоженова", - деп хабарлады елшілік.  

Қазір сыныпта облыстың әртүрлі елді мекендерінен келетін 25 оқушы бар, дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Өңір басшысы Леонид Сауков балаларға сәттілік тілеп, әдістемелік оқу әдебиеттерін алуға сыйлық сертификат табыс етті. 

Сыныптың ашылуына Түмень облысы қазақтарының ұлттық мәдени автономиясының төрағасы Есенғалия Ибраеваның атынан облыстық Қазақтар автономиясы кеңесі қаржылай қолдау көрсетті.

Қазақ сыныбы уақытша патриоттық одақтың оқу сыныбында шұғылдана тұрады. Көп ұзамай аудан басшылығы сынып үшін жеке бөлме бөледі, ал ұйымдастырушылар оны қазақ тілі мен мәдениеті сыныбы ретінде жақсылап безендіруге уәде берді.

"Қазақ сыныбын ұйымдастырушылардың қатарында Упоров ауданының әкімшілігімен қатар, Ішкі істер министрлігінің отставкадағы полковнигі Төлеген Құдайбергенов басқаратын Тюмень облысы қазақтарының автономиясы –Упоров патриоттық одағы да бар", - деп нақтылады елшілік.

Аудандағы екінші қазақ сыныбын екі мыңнан астам қазақ тұратын Голышманов ауданында ашу жоспарлануда.  

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанға алғаш рет келген Ресей қазағы: Қазақстанға көшуге асықпаймыз
Түмен қазағы: Отанда тұру – бәрімізге бұйырмаған бақыт, бағалаңыздар
Әлемнің әр елінен жиналған қазақтар шағын футболдан өзара сайысқа түсті
Шетелдегі қазақ баласы: арманым Қазақстанға оралу
Кілт сөздер:
мектеп, қазақ тілі
Загрузка...

Басты тақырып