Әлем

Қазақстан президенті Омбы тұрғындарына алғысын білдірді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуВиды города Омск, архивное фото
Виды города Омск, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласы ұнағанын жасырмады және Владимир Путинге қонақжайлылығы үшін алғыс айтты

ОМБЫ, 7 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласы ұнағанын айтты.

Мемлекет басшысы Омбыға Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келген.

Тоқаевты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда-саттықтың өсу қарқыны қуантады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президентіне, қос елдің үкімет басшыларына, Омбы тұрғындарына қонақжайлылығы үшін шексіз алғысын білдірді.

Қазақстанның мемлекет басшысы өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу үшін қала әкімшілігі жоғары деңгейде дайындық жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.

"Мен көліктің терезесінен болса да қаланы көріп үлгердім. Соған қарамастан өте жақсы әсер алдым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол жергілікті телеарналардың бағдарламасын көргенін айтып, жергілікті халықтың өмірінен хабары бар екенін жеткізді.

"Мен бұл қалаға келгеніме қуаныштымын", - деді Қазақстан президенті ағынан жарылып.

"Қош келдіңіз", - деді Владимир Путин.

Жаңалықтар
0