Әлем

"Авангард" ғаламшардың кез келген түкпіріндегі ең берік нысанды жоя алады

Жазылу
Гипердыбыстық блокты сынақтан өткізу жұмыстары 2018 жылдың желтоқсанында сәтті аяқталды – Камчаткадағы Кура полигонындағы нысанаға соққы берілді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Ресей стратегиялық тежеудің сенімді құралдары арқылы қорғанысын нығайтып жатыр. Орынборға жақын жерде орналасқан "Авангард" гипердыбыстық блоктарын Ресей қорғаныс қабілетінің технологиялық шыңы деуге болады.

Қарашаның соңында "Авангард" кешендері бірінші полкінің құрамындағы ядролық жоспарлау блогымен жабдықталған екі УР-100Н УТТХ зымыраны тәжірибелік-әскери кезекшілікке кіріседі.

Стратегиялық мақсаттағы зымыран күштерінің Домбаровский дивизиясында зымырандар дайындалып жатыр, қорғалған командалық пункттің жүйелері тексерілуде. Таяу уақытта екі полк әскери кезекшілікке кіріседі, шахта қондырғыларында барлығы 12 "Авангард" зымыран жүйесі бар.

Тағы оқыңыз: Путин Назарбаевтың ұсынысы туралы не ойлайтынын айтты - видео 

Гипердыбыстық блокты сынақтан өткізу жұмыстары 2018 жылдың желтоқсанында сәтті аяқталды – Камчаткадағы Кура полигонындағы нысанаға соққы берілді. Бұл Вашингтонда үлкен дүрбелең тудырды. Өйткені сыртқы саясатты жалғастыру үшін АҚШ Ресейді қуып жетіп, осындай технологияларды игеруі керек. 

Әлемді қару-жарақ құтқара ала ма?

"Авангард" блогы УР-100Н УТТХ құрылықаралық баллистикалық зымырандарының (ҚБЗ) көмегімен іске қосылады, ол жер шарын айналып, ғарышта ұзақ уақыт бола алады. 

"Авангардтың" әскери блоктары атмосфераның тығыз қабаттарында дыбыстан 20 есе жылдамдықпен (сағатына 24 мың километрге дейін) маневр жасауға және құрлықаралық қашықтыққа ұшуға қабілетті. Сонымен қатар, гипердыбыстық блоктар ядролық емес жабдықта да өте тиімді. Үлкен жылдамдық және жоғары дәлдік (қажет болған жағдайда) "Авангардтың" конвенциялық әскери бөлігіне ғаламшардың кез келген жеріндегі ең берік нысанды жоюға мүмкіндік береді. Бұл арада 2013 жылы Жер атмосферасына секундына 19 шақырым жылдамдықпен енген салмағы 11 тонна Чебаркуль метеоритінің жойғыш күшін еске түсіруге болады.

"Авангардтан" қорғанатын қару-жарақ әзірге жоқ. Гипердыбыстық зымырандарды қайтаратын еуропалық тосқауылшы тек 2030 жылға қарай құрылады деп жоспарланып отыр.   

"Ярс" бірегей зымыран жүйесі теміржолды қоса алғанда, әр түрлі базаларға бейімделген. Ресейдің Владивосток пен Хабаровскіден Смоленск пен Сочиге дейінгі кеңістігінде"Ярс" тиелген жүк вагонына қарағанда шөптен инені табу оңайырақ.

"Сармат" шахталық орналастыру жаңа зымыран кешені іске қосылды (ұшыру салмағы 110 тонна, әрқайсысы 750 килотоннаға дейін 10-15 бөлінетін оқтұмсық). "Сармат" кешені Ужур зымыран дивизиясы мен Домбаровский позициялық аймағындағы "Воеводаны" алмастырады.

13-ші зымыран дивизиясы 

Ашық дереккөздерден 62-ші Ужур зымыран дивизиясының   Красноярск өлкесінде орналастырылғаны, ал Домбаровский позициялық аумағы 13-ші зымыран дивизиясының құзырында екені белгілі. Алғашқы "Авангардтарды" Орынбор облысына орналастыру кездейсоқтық емес.

Мұнда тарих пен география өзара тығыз байланысты. Жоспарланған гипердыбыстық блоктар Вашингтон мен Minuteman III құрылықаралық баллистикалық зымыранынан бірдей қашықтықта (шамамен 8 800 км) орналасқан. 

Сонымен қатар, 13-ші зымыран дивизиясы жарты ғасырдан астам уақыт бойы елдің Қарулы Күштеріндегі ең қуатты және кәсіби қару-жарақ саналды. "Авангард" жаңа кешені стратегиялық дивизияның және тұтастай алғанда Ресей Қарулы Күштерінің әлеуетін арттырады.

РФ әскерлерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі қазан айында ядролық қаруды қолдану арқылы қақтығысты модельдейтін "Гром-2019" стратегиялық жаттығуларымен сыналды. Оған Жоғарғы Бас қолбасшы, Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен Ұлттық қорғаныс басқару орталығы басшылық жасады.

Ресей әскері үйлесімді әрекет етті. Осы жағдайдан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг былай деді:

"Осы бір қиын-қыстау күндерде біз айып-кінәдан және түсінбеушіліктерден аулақ болуымыз керек. Біз мүмкіндігінше сенімді қалпына келтіруіміз керек. Біз Ресеймен едәуір конструктивті қарым-қатынас жасауға тырысып жатырмыз".

 

Жаңалықтар
0