16:42 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Ту-22М3, архивтегі фото

Ресей Ту-22М3 зымыран-тасығышын не үшін қайта іске қосты

Министерство обороны РФ
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
7710

Сарапшылар мен мамандар америкалық Military Watch басылымы ресейлік Ту-22М3 зымыран-тасығыштарының қайта іске қосылуы туралы жариялаған материалды қызу талқылап жатыр

МӘСКЕУ, 21 қараша — Sputnik, Александр Хроленко. Басылым модернизация жайында толыққанды жазбаған, бірақ мақаланың ішінде МиГ-31 жойғышының және Ту-22 алысқа ұшатын бомбалаушының суреттері бар.

Ресей 30 зымыран-тасығыштың сексен пайызға дейін радиоэлектрондық қондырғыларын жаңартуды көздеп отыр. Бұл 2021 жылға дейін алысқа бағдарланған авицияның әлеуетін өсіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 120-дан астам Ту-22М3 бар. 60 Ту-22М3 және Ту-22МР РФ әуе-ғарыш күштеріне тиесілі, қалғаны істен шығарылды.

Ту-22М3 зымыран-тасығышына ұқсас бомбалаушы әлемде жоқ. Ол жер және теңіз үстіндегі мақсаттарға арналған зымырандар мен авиациялық бомбаларды жоюға арналған. Жетілдірілген жүйе бір уақытта бортта зымырандар мен бомбаларды алып жүруге мүмкіндік береді.

Модернизацияланған Ту-22М3М алғаш рет 2018 жылдың 28 желтоқсанында ұшырылды. Жаңа зымыран-тасығыш ең алдымен тиісті жерге Х-32, Х-101 ракеталарын жеткізуге арналған. Ұшақ аспанға бірден төрт X-47М2 зымыранын көтере алады. Ресейлік тарап жаңа Ту-22М3М шекарада әскери белсенділігін арттырып жатқан батыс серіктестерін тоқтатады деген үмітте.

19 қараша алғаш рет АҚШ әуе-әскери күштерінің бірден екі стратегиялық ұшағы RQ-4A "Глобал Хок" Балтық өңіріндегі Ресей шекарасында көп сағат бойы барлау жүргізді. Олар сициялық Сигонелла авиабазасынан ұшып шыққан. Ұшқышы жоқ әуе техникасы Латвия және Эстония әуе кеңістігінде бола тұра, Псков және Ленинград облыстары шекрасының бойымен алты рет ұшып өткен. Екінші дрон-барлаушы Калининград облысының солтүстігінде болған.

Пентагон РФ-ның нысандарын жылдам жаһандық жою тұжырымдамасынан бас тартқан жоқ және оны Балтық елдерінде үнемі сынап отырады. Мәселен, жақында Global Thunder-2020 стратегиялық оқу-жаттығулары өтті. Оның барысында АҚШ-тың алты стратегиялық бомбалаушысы күшін сынап көрді.

Беларусь пен Ресей НАТО-ның "түсініксіз" (президент Александр Лукашенконың сөзі) оқу-жаттығуларына дайындалып жатыр. Әрине, мұндай жағдайда тек Ту-22М3М зымыран-тасығышын модернизациялау жеткіліксіз. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 2020 жылы бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың үштен екісін жаңа техника алуға жұмсауды тапсырды. Осылайша, Батыс пен Шығыстың қымбат және қауіпсіз емес бәсекелестігі жалғасып жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып