03:35 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Монреалдағы Бүкіләлемдік антидопинг агенттігінің кеңсесі

WADA-ның Ресей спортына қатысты ұсынысынан қандай ой түюге болады

© REUTERS / Christinne Muschi
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Ресейдің спорт әлемі Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің жария еткен жоспарынан есеңгіреп отыр

Кеше WADA-ның сәйкестік жөніндегі комитеті негізгі екі пунктке келіп тірелетін мәлімдеме жариялады: а) Ресей ұлттық спортта допингке қарсы тиімді күрес жүргізіп жатыр; б) Ресейді қатаң жазалау керек.

Мәлімдемеде дәл осылай жазылған.

Ресейдің допингке қарсы агенттігінің қызметі тиімді, ал өзге антидопинг ұйымдарымен ынтымақтастығы жемісті деп танылды. Комитет төрт жылдық мерзім ішінде ұйымға арнайы мониторинг жасап, қадағалауды ұсынып отырған жоқ.

Бұдан бөлек, санкциялар тізімі ұсынылған. Оның бастылары – елде халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салу, "таза" атлеттерді өз елінің атынан қатыстырмау, ұлттық құраманы ірі сайыстарда өз мемлекеттік туымен сынға түсу мүмкіндігінен айыру . Мұның бәрі сол төрт жылға жоспарланып отыр.

WADA атқарушы комитеті соңғы шешімді 9 желтоқсанда өтетін отырысында қабылдайды.

Тағы оқыңыз: Лавров Ресейді жарыстардан шеттетуге қатысты түсініктеме берді

Ресейдің спорт өкілдері үміт пен үрей құшағында жүр. Бір жағынан, бұл шешім "Ресей спортын құрдымға кетіреді" десе, екінші жағынан, WADA-ның әрекеттеріне наразы.

Спорт заңгерлері жарыстан шеттету төңірегіндегі оқиғаны барып тұрған сандырақ деп атады. Алайда, комитеттің шешімі қабылданған жағдайда, онымен келіспеу мүмкін емес екенін де мойындап отыр.

Жұрттың көбі мәселенің шығу төркінін іздеп, не болып жатқанын түсінбей дал.

Спорттағы проблемалар біртіндеп шешімін тапқан секілді еді. Біз талаптарды ыждаһатпен орындадық, жағдайды түзеуге барымызды салдық. Жалпы, допингпен байланысты оқиға мазмұны мен идеологиялық жағынан 2010 жылдардың ортасындағы жағдайға келеді. Ол кезде Батыс Ресейді барлық бағыт бойынша тізе бүктіріп, белсенді оқшаулауға кіріскен еді. Ал үлкен спорт, әдетте, үлкен саясатпен байланысты. Десе де, одан бері әлемде күрделі өзгерістер орын алды. Ресей қиындықтарға төтеп беріп, халықаралық аренаға геосаяси ықпалдың жаңа кезеңінде қайта оралды. Батыс елдерімен ынтымақтастық қалпына келуде.

Тағы оқыңыз: Ресей спортына қандай қауіп төніп тұр?

Неге онда спорттағы жағдай шиеленісіп, атлеттеріміз WADA-ның тұтқыны болып қалуда?

Бұл мәселе, шынымен де, өте маңызды, бірақ соншалық қиын да емес.

WADA ресейлік спортқа әлі жеткендіктен осылай істеп отыр.

Ресей бірнеше жыл ішінде өзінің әлемдік саясаттағы орнын түбегейлі өзгертті. Бірақ, бұл Мәскеу әркімнің дегенімен келісе бергендіктен емес, керісінше, қарсы шыққаннан кейін болды.

Мәскеу өзгелер белгілеп берген ойын шартынан бас тартып, өз ережесімен ойнады. Нар тәуекелге баруға тура келді.

Нәтиже белгілі. Батыс елдерімен қарым-қатынас реттеліп келеді.

Дипломатия, әскери, мұнай-газ және көптеген басқа салалар Батыстың сын-қатеріне "ставканы" көтеру арқылы жауап берсе, біздің спорт басқа жолмен жүрді. Ол WADA, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы, өзге де ұйымдармен дауласқан жоқ. Проблемаларды біртіндеп шешіп, ортақ мәмілеге келуге болады деген үмітпен барлық талапты орындады.

Десе де үміт ақталмады.

Кілт сөздер:
спорт, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып