16:14 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
РФ президенті Владимир Путин және Франция басшысы Эммануэль Макрон

Сарапшы Макронның Путинге хаты туралы: Еуропа өткенге оралғысы келмейді

© Sputnik / Сергей Гунеев
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Франция Ресей басшысының орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Еуропада орналастыруға мораторий енгізу туралы ұсынысын қарастыруға дайын

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Франция президенті Ресей басшысының орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарға қатысты ұсынысы жайлы не ойлайтынын айтты. Сарапшы Павел Тарусин Sputnik радиосының эфирінде Париждің позициясына қатысты пікірін білдірді.

Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік әріптесі Владимир Путиннің орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Еуропада орналастыруға мораторий енгізу туралы ұсынысын қарастыруға дайын. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine газеті жазады. Басылымның иелігінде Макронның Путинге жазған хатының мәтіні бар көрінеді.

Бұған дейін ресейлік лидердің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин "Еуропа мен Азияның негізгі елдерінің" басшыларына орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы үндеу жолдағанын мәлімдеген еді.

Газеттің ақпаратынша, Франция президенті 23 қазанда хатқа жауап жазып, Путиннің ұсынысын жіті зерделеуге, сондай-ақ, оны екіжақты және көпжақты форматта талқылауға уәде берген.

Тағы оқыңыз: Путин батыстағы серіктестерге оларды не күтіп тұрғанын айтты

ММУ мемлекеттік басқару факультетінің оқытушысы Павел Тарусин Париждің позициясы келіссөздер жалғасын табатынына үміттенуге болатынын көрсетеді деп сеніп отыр.

"Макрон Ресеймен татуласу және өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты қалпына келтіру саясатын жалғастыруда. Бұл Еуропа аумағында қарулы қақтығыстың пайда болу мүмкіндігін төмендетер еді. Еуропа өткен ғасырдың 70-шы жылдарының соңында болған оқиғаларды ұмытқан жоқ. Ол кезде біздің "Пионер" және америкалық "Першинги" зымырандары Орталық және Батыс Еуропада орналасқан еді. Сондықтан олар оқиғаның қайталанғанын қаламайды. Оның үстіне Макронның НАТО-ға қатысты ұстанымы біржақты емес. Дәл қазір Макронның позициясы келіссөздер үшін қандай да бір алаң табуға мүмкіндік береді", - деп санайды Павел Тарусин.

Екінші тамызда Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісім күшін тоқтатты. Бұған Ресейді келісім шарттарын орындамай отыр деп айыптаған АҚШ бастамашы болған. Алайда Мәскеу өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Загрузка...

Басты тақырып