08:05 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

БАҚ-тың алдын ала мәліметіне сүйенсек, Лужков Германиядағы емханалардың бірінде жүрегіне жасалған отадан кейін қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Мюнхен қаласындағы ауруханада көз жұмды.

Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужков 84 жасқа қараған шағында Германияда қайтыс болды. Бұл ақпаратты РИА Новости басылымына Ресей астанасының мэриясы растады.

БАҚ ақпаратынша, Лужков Мюнхендегі емханалардың бірінде жүрегіне жасалған отадан кейін көз жұмған.

Юрий Михайлович Лужков Мәскеуді 1992 жылдан 2010 жылға дейін басқарды.

Юрий Лужков 1936 жылы 21 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келді. 1958 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын (қазіргі Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті) "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдады.

1974 жылдан химия өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеді.

1987 жылы Мәскеу қалалық атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары, кейін Мәскеу қалалық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болды.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

1991 жылы 12 маусымда Лужков Мәскеу вице-мэрі болып сайланды, ал астананы Гавриил Попов басқарды. 1991 жылы 24 маусымда Мәскеу үкіметінің премьері болды.

1992 жылы 6 маусымда Попов отставкаға кеткеннен кейін, Борис Ельцин Лужковты Мәскеу мэрі және астана әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындады.

1996, 1999 және 2003 жылдары Мәскеу мэрі болып бірнеше рет қайта сайланды. 2010 жылы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Загрузка...

Басты тақырып