19:38 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
3477 0 0

Қыз қымбат ойыншықпен ойнайды, оған екі бала бағушы күтім жасайды, ата-анасы барлық қызмет үшін миллиондап ақша төлеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Ресейде бес жасар қыз туғаннан бері жекеменшік перзентханада тұрады. Ал ата-анасы ақшасын аямай, барлық шығынын төлеп келеді. Бірақ алып кетуге келіспей отыр.

Mk.ru сайты перзентханада қамалып отырған кішкентай қыздың ата-анасы мұндай әрекетке не үшін барғанын жазды.

Сырттай қарағанда бес жасар қызда бәрі бар сияқты. Қымбат ойыншықпен ойнайды, екі бала бағушы күтім жасайды, ата-анасы барлық қызмет үшін миллиондап ақша төлеуге дайын. Бірақ туған қыздарын алып кетуге асықпай отыр.

2014 жылы дүниеге келген қыз жекеменшік перзентханадан шыққан емес, бес жыл бойы осы мекемеде тұрып келеді. Осы уақыттың ішінде бизнесмен әкесі шамамен 60 миллион рубль (қазіргі курспен 364 200 000 теңге – Sputnik Қазақстан) шығындалған. Яғни ай сайын бір миллион рубльден төлеп отырған.

ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді

Ата-анасы қызға сирек келеді. Туған-туыстарға да келуге рұқсат жоқ. Бес жыл бұрын бала айы-күні жетпей, шала туған. Дәрігерлер барын салып, нәрестені аман алып қалды. Бірақ анасы қыздың шала туғанына қарап, ауру болады деген шешімге келеді де, оны перзентханада тастап кеткен. Бүгінде баланың денсаулығы жақсы, ешқандай ақаулығы жоқ. Дегенмен, ата-анасы өз пікірін өзгертпеген.

Ресейдің тергеу комитеті басшысының бұрынғы көмекшісі Игорь Комиссаровтың айтуынша, осы мәселеге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Бірақ прокуратура оны тоқтатып тастапты. Себебі ата-анасы жекеменшік клиникаға ресми түрде ақша төлеп отырған. Ешкім наразылық білдірген жоқ.

"Енді, бұл жерде балаға қауіп төніп тұрған жоқ қой. Клиника вокзал емес. Баланың қарны тоқ, көйлегі көк. Формалды түрде жағдайы жақсы. Ата-анасы 18 жасқа дейін барлық мәселесін шешетін еді. Дегенмен, тергеу комитетінің араласуымен қыздың ата-анасы мен клиниканың арасындағы келісім тоқтатылды. Себебі барлығы тек өз жағдайын ғана ойлады. Бірақ баланың құқықтарын ешкім ойлаған жоқ. Ол кәмелеттік жасқа дейін перзентханадан шықпайтын еді. Негізі, шешім бар, баланы алып кетуі керек. Бірақ шешім орындалмай отыр ", - дейді Комиссаров.     

Оның айтуынша, кішкентай қыздың бес жыл бойы перзентханада жүруінің өзі адам құқықтарын бұзу болып саналады. Енді, тиісті органдар сотқа жүгініп, ата-анасының балаға зиян келтіргенін дәлелдеуі тиіс. Сонда соттың шешімі негізінде қызды туған-туыстарына беруге болады.

"Ал ата-анасына берсе, олар баланы ешкім таппайтын жерге апарып тастауы әбден мүмкін", - деп атап көрсетті Комиссаров.

Тақырып бойынша

Сұмдық жайт жазылған хат қалдырды: анасы сәбиді есік алдына тастап кетті
Белгілі спортшы бес айлық баласын ұрлап, жол шетіне тастап кетті
Сал бала туғаны үшін әйелін тастап кеткен актердің сөзі жұрттың ашуын келтірді
"Баласын таспен ұрып, комаға түсірді": алматылық әкенің ісі сотта қаралды
21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке тастап кетті  
Кілт сөздер:
перзентхана, байлық
Загрузка...

Басты тақырып