Әлем

Министр сөйлеп тұрған кезде залда футбол көріп отырған шенеунік видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуОфициальные мячи Чемпионата Европы по футболу 2020
Официальные мячи Чемпионата Европы по футболу 2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәл осы уақытта елдің халықаралық спорт байланысын дамыту стратегиясы талқыланып жатқан. Алайда шенеунік футбол матчын тамашалауды жөн санапты

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан — Sputnik. Татарстанның спорт министрі Владимир Леонов министрліктің алқа отырысы өтіп жатқанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчын тамашалап отырған. Германиялық "Лейпциг" пен француздық "Лион" кездесу өткізді, деп хабарлайды "Лайф".

Басылымның ақпаратына сәйкес, Ресейдің спорт министрі Павел Колобков сөйлеп тұрған кезде  Татарстанның спорт министрі футбол көріп отырған. Дәл осы уақытта елдің халықаралық спорт байланысын дамыту стратегиясы талқыланыпты.

Тағы оқыңыз: Премьер жұртпен амандасамын деп ыңғайсыз жағдайға қалды – видео

Айта кетсек, Францияда өткен футбол клубтарының кездесуі 2:2 есебімен аяқталған.

Жаңалықтар
0