Әлем

Сергей Лавров Тасмағамбетовпен кездесті

© Посольство Республики Казахстан в Российской Федерации Глава российского МИД Сергей Лавров встретился с Имангали Тасмагамбетовым
Глава российского МИД Сергей Лавров встретился с Имангали Тасмагамбетовым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің сыртқы істер министрі екі елдің ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін қазақстандық дипломатқа алғысын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров зейнетке шыққан Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Кездесу кезінде Сергей Лавров елші ретінде атқарған қызметі үшін қазақстандық дипломатқа алғысын білдірді. Оның Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Ресейлік дипломат экс-елшінің жеке және кәсіби қасиеттеріне тоқталды. Осының арқасында екі елдің әріптестігі түрлі салада дамып, бірқатар жобалар іске асырылғанын айтты.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов қызметінен өз еркімен кетті - министрлік

Кездесу соңында Лавров Иманғали Тасмағамбетовке естелік сый тарту етті.

Тасмағамбетовтың қызметінен кетуі

9 желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толған болатын. 18 желтоқсан күні мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес, президент мемлекеттік қызметшінің жұмыс мерзімін бес жылға дейін ұзарта алады. Алайда бұл жолы олай болмады.

Жаңалықтар
0