13:30 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
342410

Путин қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары деп аталатын жаңа қызмет енгізілетінін айтты. Бұл қызметті ол Дмитрий Медведевке ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевке қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости

"Дмитрий Медведев мемлекет басшысы да болды, сегіз жыл бойы үкіметті басқарды. Ол осы лауазымда ең ұзақ болған адам. Біз президент блогы және үкімет блогы болады деп келістік. Президент блогы бәрі үшін, ең алдымен, қауіпсіздік және қорғаныс сынды мәселелерге жауап береді", - деді Путин.

Айта кетсек, Медведев үнемі Ресейдің қауіпсіздігі және қорғанысы мәселесімен айналысқан болатын.

"Мен оның алдағы уақытта да осы мәселелермен айналысуын сұрадым. Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі енгізілуі керек деп ойлаймын. Ал Кеңес төрағасы президент болатыны белгілі", - деді Ресей басшысы.

15 қаңтар, сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин федералдық жиналысқа жолдау жасады. Бұдан соң Дмитрий Медведев Ресей үкіметінің толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеді.

Загрузка...

Басты тақырып