12:04 25 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.19
  • EUR496.26
  • RUB5.53
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
345800

Желі қолданушылары айла тауып құтылып кеткен қызды жарыса мақтап жатыр. Бірақ видеоны әдейі түсірді дейтіндер де бар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Мәскеу облысының Ступино қаласында 9 жасар қыз артынан аңдып жүрген ер адамды алдап кетті. Бұл оқиға тұрғын үйдің бейнекамерасына жазылып қалды, деп хабарлайды "Москва 24" арнасы.

Видео әлеуметтік желілер арқылы жылдам тарап кетті. Кадрде оқушы қыздың кіреберіс есікке қарай жүріп келе жатқаны көрінеді. Ал ер адам артынан аңдып жүрді. Кішкентай қыз кіреберіске кіріп, біршама жүргеннен кейін қуысқа бұрылып кетеді. Мұны артында келе жатқан ер адам байқамай қалған. Сөйтіп, лифтке қарай өтіп кетеді.

Ер адам кіреберіс есіктің ашылғанын естігеннен кейін артқа қарай жүреді. Осы уақыттың ішінде 9 жасар қыз далаға шығып үлгереді. Ал бірнеше секундтан кейін таныс біреумен үйге кіреді.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында кішкентай қызға азғындық жасаған педофил ауыр жаза арқалады

Желі қолданушылары айла тауып құтылып кеткен қызды жарыса мақтап жатыр. Бірақ видеоны әдейі солай түсірген дейтіндер де бар. Ал кішкентай қызды аңдыған ер адамның кім екені анықталды. Ол психоневрологиялық диспансердің тіркеуінде болған.

Тақырып бойынша

Ер адам қоғамдық көлікте 10 жастағы қызды зорлады
"Қырық минут бойы зорлаған": құрбысымен қонаққа барған қыздың жантүршігерлік оқиғасы
Отыз жеті баланы зорлап, үшеуін өлтірген адам бостандық сұрап жатыр
Жалақысын алуға барған: Алматыда ағайындылар үш баланың анасын зорламақ болды
"Мүшесін ұстады": Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды
Кілт сөздер:
видео, ер адам, қыз
Загрузка...

Басты тақырып