Әлем

Екі баласын әуежайда тастап кеткен ер адамның отбасы туралы белгілі болды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуПочтовый таможенный пост в аэропорту, архивное фото
Почтовый таможенный пост в аэропорту, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үлкен бала мектепке, ал кенжесі балабақшаға барған. Полиция ер адамды іздестіріп жатыр. Прокуратура тексеріс бастаған

НҰР-СҰЛТАН , 27 қаңтар - Sputnik. Ресейде ер адам екі баласын "Шереметьево" әуежайында қалдырып кетті. Комсомольск-на-Амуре қаласында тұратын отбасы әлеуметтік қызметкерлердің тізімінде болмаған, деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің хабарлауынша, балаларды әкесі тәрбиелеген. Ол вахтамен жұмыс істеп, ақша тапқан.

"Екі рет өтініш беріп, балаларды отбасына әлеуметтік көмек көрсету орталығында қалдырған. Қалаға келген соң оларды алып кеткен", - деді әкімшілік.

2017 жылы өз міндетін тиісті атқармағанына байланысты балалардың анасына қатысты хаттама қарастырылған. Балалар анасы дүкенге кеткенде үстіне шайнектегі ыстық суды төгіп алған. Әйелге ескерту жасалды.

Үлкен бала мектепке, ал кішісі балабақшаға барған.

"24 қаңтар күні әкесі мектептен үлкен баласының құжаттарын алған. Мәскеуде жұмыс істейтінін айтыпты. Ол жерде баспана бар екенін де жеткізген", - дейді агенттікке сұхбат берген адам.

Тағы оқыңыз: Сұмдық жайт жазылған хат қалдырды: анасы сәбиді есік алдына тастап кетті

Ал жексенбі күні Хабаровск қаласынан ұшып келген ер адам әуежайда 2011 және 2014 жылы туған балаларын қалдырып кеткен. Полиция ер адамды іздестіріп жатыр. Балалар медициналық мекемеге жіберіледі. Прокуратура тексеріс бастаған.

Жаңалықтар
0