12:56 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
619402

Тергеу берген ақпарат бойынша дүйсенбі күні 34 жастағы ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде танысын күтіп алып, арқасына пышақ сұққан

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар —Sputnik. Ресейдің Новосибирск қаласында 33 жастағы аяғы ауыр келіншекті үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті. Күдікті әйелмен таныс болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің ішкі істер министрлігінің облыстық басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға туралы полицияға дүйсенбі күні хабар түскен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

"Қылмыс жасаған соң күдікті Новосибирск облысының аумағынан шығып кеткен. Ол көлікті онлайн-сервис арқылы тапқан. Қазіргі уақытта ер адам Новосибирск қаласына жеткізілді", - делінген хабарламада.  

Тергеу берген ақпарат бойынша дүйсенбі күні 34 жастағы ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде танысын күтіп тұрған. Әйел үйіне келген кезде арқасына пышақ сұққан.

Тағы оқыңыз: Ер адам бұрынғы әйелін отбасымен бірге қырып салды: оқиғаның мән-жайы

Бұдан соң Омбы қаласына барып, қонақүйлердің бірінде жасырынды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған
ІІМ түрмеде соққыға жығылған аяғы ауыр әйелге қатысты шындықты айтты
Перзентханада сегіз бірдей қызметкердің аяғы ауыр болып қалды
Сиыр да сауады, көрпе де тігеді. Қолы мен аяғы жансыз келіншектің ауыр тағдыры - фото
Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген
Кілт сөздер:
үйлер, жүкті әйел
Загрузка...

Басты тақырып