03:27 30 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
207 0 0

Түркия әскерінің Идлибке кіргенін елең қылмауға тырысқан батыс елдері ол жердегі гуманитарлық жағдайға да жалған алаңдаушылық танытуда

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Түркияның Сирияға қатысты бір жарым жылдық Сочи келісімдерінің нәтижесі – Түркияның бақылау бекеттері мен террористік аймақтардағы бекіністерін біріктіре түсу болды, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.

Оның сөзіне қарағанда, сириялық әскердің "Хайят Тахрир әс-Шам" террористік тобының әрекетіне қарсы жауап қайтаруының нәтижесінде Алеппоның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Бірақ, тойтарыс Идлиб аймағындағы жағдайды одан сайын шиеленістіргенімен, бұл ақиқаттың кезекті бір көрінісіне айналған.

Сирияда 30-дан астам түрік әскері қаза тапты – Ресей пікір білдірді

Конашенков 2018 жылы Идлиб бойынша Сочи келісіміне қол қоюды батыс елдері ғана емес, сонымен бірге БҰҰ да құптағанын атап өтті. Сондай-ақ, Түркияның азат ету аймағының сыртқы шекараларынан 15-20 шақырым ендікке дейін демаркациялау, лаңкестерді ығыстыру мен сол жерден ауыр артиллериялық қару-жарақтарды шығару міндеті осы келісімнің негізгі кілті екендігін еске салды, деп жазды РИА Новости.

"Алайда, 18 айдан бері БҰҰ тарапынан ресми түрде мойындалған ығыстыру келісімі бойынша оң нәтиже орнаудың орнына, "Хайят Тахрир әс-Шам", "Түркістан ислам партиясы" мен "Хорас ад-Дин" сынды "қалыпты оппозицияның" барлық содыры елдің солтүстігіне, түрік шекарасына жақын маңға жиналған", - деді Конашенков.

Соның салдарынан іргелес жатқан бейбіт елді мекендер мен Хмеймде орналасқан ресейлік әуе базасы күн сайын жаппай артиллериялық атыс нысанына айналып, оған шабуылдар күшейген.

Батыс Идлибке Түркия әскерінің кіруін елемейді

Конашенков халықаралық заңдарды бұза отырып, Түркия әскерінің Идлибке кіргізілгенін және оны батыстың елең қылмағанына назар аударуда.

Оның айтуынша, Сочи келісімдері негізінде Ресей мен Түркия арасындағы Идлибте күшейту аймағын құру туралы Мәскеудің БҰҰ мен батыс елдеріне жасаған ресми сұраулары жауапсыз қалған. Есесіне, батыс ақпан айының басында Дамаскті "соғыс қылмысы өршіп тұрған аймақ", "гуманитарлық апатты өңір" немесе "Идлибте миллиондаған босқындар ағыны жүр" деп айыптап, сынға алды.

"Осылайша, Идлиб аймағындағы гуманитарлық жағдайға шіміркпеген батыс жалған алаңдаушылық танытуда. Ол жерде тек, соғысушы тараптарды татуластыратын ресейлік орталық пен Сирияның заңды үкіметі күн сайын лаңкестерден босатылған аудандардағы жергілікті тұрғындарға қажетті көмек көрсетіп келеді", - деді Конашенков.

Ал сириялықтар өздерінің "Еуропа мен АҚШ-тағы көптеген жалған қорғаушының бар екендігіне немесе соңғы жылдары оларға жіберілген ағыл-тегіл гуманитарлық көмектің көптігіне" күмәнданбады.

Идлибтегі жағдайдың ушығуы

"Хайят Тахрир әс-Шам" лаңкестік тобы 27 ақпанда Сирия әскеріне ауқымды шабуыл жасады. Сирия әскері қарап қалмай, террористерге оқ жаудырады, оның зардабы лаңкестік топ маңайында жүрген түрік әскерлеріне тиген. Кейіннен бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

"Түрік тарапының деректеріне сай, бұл аймақта түрік армиясының ешқандай бөлімшесі болған емес және болмауы да тиіс еді", - делінген министрлік хабарламасында.

Атыс салдарынан 36 түрік әскери қызметшісі қайтыс болды. Ал зардап шеккен түрік әскерлері туралы ақпарат алған бойда ресейлік тарап атысты дереу тоқтатып, өлгендер мен жараланғандарды Түркияға жеткізуді қолға алған.

"Ресейдің авиациялық аэроғарыш күштері Бехун елді мекені маңындағы қақтығыста пайдаланылмады", - деп нақтылады әскери ведомство.

Сондай-ақ, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған дейін Анкара Идлибке қатысты бірқатар негізгі міндеттемелерді орындамаған деп мәлімдеді. Атап айтқанда, ол үкіметпен диалогқа дайын болған қарулы оппозицияны лаңкестерден тазартпаған.

Сонымен қатар, президент Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның 2018 жылғы 18 қыркүйектегі кездесуінде келісілген меморандумда барлық лаңкестік радикалды топ Идлиб аймағынан 2018 жылғы 15 қазанға дейін шығарылған жағдайда түрік әскерінің қатысуы үшін статус-кво (бұрыннан орын алып келген мәртебесін сақтап қалу – Sputnik) мәртебесі сақталады делінген.

Оған қоса осы аймақ шекараларында "соғыс қимылдарының тұрақты тоқтатылуын қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылданатындығы" атап көрсетілген. Меморандумның 7-тармағында бірлескен орыс-түрік патрульдерін құру мәселесі де айтылады.

 

Тақырып бойынша

Түркия мен Ресей қатынасы қалай дамып келеді?
Батыс елдері Ливияда бейбітшілік орнатушы кім екенін біледі - пікір
"Кім кінәлі?": Сирия тағы отқа оранды
Иранда генерал Сулеймани өлімінен кейін мыңдаған адам митингке шықты - видео
АҚШ Венесуэлаға неліктен қысым көрсетіп отыр?
Кілт сөздер:
лаңкестер, Ресей, Түркия
Загрузка...

Басты тақырып