03:01 30 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
1723 0 0

Марқұмдардың денесі Мәскеудің батысында орналасқан пәтерден табылды. Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаны тергеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора Мәскеудегі пәтерден өлі табылды.

Mash Telegram-каналының мәліметі бойынша, 18 жастағы Александра Вернигора мен 27 жастағы Станислав Богданович Мәскеудің батысында, Кастанаевская көшесіндегі пәтерден табылған. Жастардың жанында азоттың шала тотығы құйылған шарлар жатқан. Шахматшылар еліткіш газдан уланған болуы мүмкін.

Әуе апатына ұшыраған танымал футболшы өлер алдында хат жазып қалдырған

Мәскеудің тергеу комитеті жас жігіт пен қыздың өліміне қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру кезінде полиция зорлықпен өлтіру белгілерін таппады.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Көз жұмған шахматшылар туралы не білеміз

Станислав Богданович 1993 жылы Одесса қаласында дүниеге келген. Ол гроссмейстер және жедел шахматтан Украина чемпионы болған, қытай тілін оқыған. Жақында ол Ресей құрамасына қабылданған.

Александра Вернигора 2001 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған. Ол да кәсіби шахматшы болды және ФИДЕ рейтингісіне енген (1861- орын).

Тақырып бойынша

Ақмола облысында 67 жастағы ер адам үсіп өлді
Алматыдағы үш адамның өлімі: бұрынғы прокурордың қылмысы қалай ашылды
Елшілік қызметкерінің өлімі: әлеуметтік желіде жалған ақпарат тараған
Шығыс Қазақстанда қабір қазуға кеткен жігіттің мәйіті табылды
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әскери қызметшінің мәйіті табылды
Загрузка...

Басты тақырып