Әлем

Ресейлік сенатор АҚШ-тың ұсынысын сынға алды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПредседатель комитета Совета Федерации РФ по международным делам Константин Косачев
Председатель комитета Совета Федерации РФ по международным делам Константин Косачев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Американың мемлекеттік департаменті cтратегиялық қару-жарақты қысқарту туралы келісімге Ресейдің жаңа өнімдерін қосуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. РФ Федерация кеңесінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачев АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ұсынысын сынға алды, деп хабарлады РИА Новости.

Дүйсенбі күні Американың мемлекеттік департаменті Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту туралы келісімге Ресейдің жаңа өнімдерін қосуды ұсынды. Соның ішінде ядролық тартқышы бар "Посейдон" су асты аппараты, ядролық зымыран және балистикалық ракета сияқты қару-жарақтар бар.

Сенатор Косачевтің айтуынша, өндірістен шықпаған қару-жарақты ортақ келісімге қосқан қисынсыз. Себебі ол қаруларды әлі жасап шығарған да жоқ.

"Менің түсінгенім, мемлекеттік департамент өз мәлімдемесінде Ресейдің барлық жаңа қару-жарағын тәптіштеп шықты. Соның ішінде өндірістен шықпаған қару да бар. Негізі, ондай шектеулер әлі аяқталмаған ғылыми-зерттеу мен кострукторлық жұмыстарға таралмауы тиіс. Мейлі, ол ресейлік қару болсын, америкалық қару болсын, өндірістен шықпаған өнімге шектеу қою мәселесі қазір де, болашақта да талқылауға жатпайды", — дейді Косачев.

Оның ойынша, Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту туралы келісімді ұзарту мәселесін талқылауға болады. Оған уақыт жеткілікті. Алайда ол құжаттың модификациясына уақыт жоқ. Себебі келісімнің мерзімі 2021 жылдың басында аяқталады.

Келісімнің тарихы

Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту туралы келісім 2010 жылы жасалған болатын. Ал 2011 жылы 5 ақпанда күшіне енді. Ол Ресей мен АҚШ арасында қару-жарақты шектеуге арналған жалғыз және күші бар құжат болып саналады.

Бұған дейін Трамп Ресей, Қытай мен АҚШ арасында үшжақты келісімді рәсімдеуге мүдделі екенін айтқан. Алайда Бейжің ол бастаманы қабылдамады.

Келісім нормаларына сәйкес, әрбір тарап өзінің ядролық арсеналын қысқартып, жеті жылда және одан кейінгі уақытта қару-жарақтың жалпы көлемін 700 құрлықаралық баллистикалық зымырандардан асырмауы тиіс.

Жаңалықтар
0