Әлем

Путин Конституцияға түзету енгізуге дауыс берудің датасы туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБольшой Кремлевский дворец
Большой Кремлевский дворец - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясының президенті дауыс беру елдегі эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берсе ғана өтетінін мәлім етті

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 22 сәуірде Конституцияға өзгерістер енгізуді мақұлдау мәселесі бойынша бүкілхалықтық дауыс беру өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Кремль сайты.

"Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізу туралы   "Көпшілік билігінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің кейбір мәселелерін реттеуді жетілдіру туралы" Ресей заңының 1-бабында қарастырылған Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы мәселе бойынша 2020 жылдың 22 сәуіріне бүкілресейлік дауыс беру белгіленсін", - делінген жарлықта.  

Дауыс беруде мынадай сұрақ қойылады: "Сіз Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізуді мақұлдайсыз ба?".

Путин дауыс беру елдегі эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берсе ғана өтетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.

"Еліміздің азаматтарының денсаулығы мен өмірінен маңызды ештеңе жоқ", - деп атап өтті Ресей президенті.

Ресей орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова егер коронавирустың таралуына қатысты жағдай "жағымсыз сценарий бойынша өрбісе, онда дауыс беруді неғұрлым қолайлы уақытқа ауыстыру туралы тиісті шешім қабылданатынын" мәлімдеді.

Таяуда Конституциялық сот Ата заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы Конституцияға сәйкес келеді деп таныды. Бұл шешімге шағымдануға болмайды.

Жаңалықтар
0