19:59 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (406)
55 0 0

Әнші ауруханаға ауыр хәлде түскендіктен, ол бірден реанимацияға жатқызылған. Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Ресейдің халық әртісі Лев Лещенко коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Мәскеудің Коммунарка елді мекеніндегі аурухананың бас дәрігері Денис Проценко мәлімдеді.

"Лев Валерьянович біздің ауруханаға пневмонияның клиникалық-рентгенологиялық белгілерімен түсті. Қосымша тексеруден кейін пневмонияның коронавирустық этиологиясы расталды", – деді Проценко.

Дәрігер алғашқы тәулікте әншінің жағдайы нашарлағанын айтады.

"Осыған байланысты біз реанимация бөлімінде емдеуді жалғастырдық. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты, оған қосымша оттегі қажет емес", – деді Проценко.

Бұған дейін Лев Лещенко өзін жайсыз сезінгендіктен, дәрігер достарының кеңесі бойынша әйелімен бірге Коммунаркадағы ауруханаға келіп тексерілгені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко науқастың жоғары оттегіге қажеттілігі жоқ екенін, әншінің қазіргі жағдайы оның сауығып кетуіне үміт беретінін айтты.

Қазіргі уақытта Ресейде 840 адам коронавирус жұқтырып, 38 адам сауығып шыққан.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (406)

Тақырып бойынша

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар анықталды
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны Қытайдан асып түсті 
Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда араласқан адамдары анықталды
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
Жамбыл облысындағы үш науқастың бәрі көрші елден келген
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып