Әлем

ДДҰ коронавирусқа қарсы ресейлік тоғыз вакцинаға қатысты пікір білдірді

© AFP 2024 / MAURO PIMENTELСотрудник лаборатории проводит исследование проб на коронавирус
Сотрудник лаборатории проводит исследование проб на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 2,7 миллион адамнан асады. 750 мыңға жуық адам дерттен айықты

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы тоғыз ресейлік вакцинаны келешегі бар препараттар тізіміне енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Олардың арасында "Вектор" вирусология және биотехнология жөніндегі мемлекеттік ғылым орталығында әзірленген алты дәрі бар", – делінген хабарламада.

Ал Новосібір орталығының жобалары арасында қызылшаға, А тұмауына, везикулярлы стоматит вирусы мен қосалқы және мРНҚ вакциналарына, сондай-ақ Эбола вирусына қарсы вакциналар платформасындағы препараттар бар.

Сонымен қатар, "Биокад" компаниясы екі вакцина ұсынған: оның бірі – эксперименталды медицина институтымен бірлесіп дайындалған мРНҚ липосомасында қапшықталған дәрі болса, екіншісі – аттенуирленген негізді тұмау вирусының негізінде жасалған препарат.

Оқи отырыңыз: Экпресс-тест: COVID-19 вирусын қалай анықтайды - видео

Санкт-Петербургтегі вакциналар мен сарысуларды ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары рекомбинантты ақуыз бен нанобөлшектерге негізделген препарат жасап шығарған.

Қазақстандағы эпидемия

Коронавирус індеті жер жүзіне кең таралуда. ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде 2,7 миллионнан астам адам инфекция жұқтырса, 190 мыңнан астамы қайтыс болды. Аурудан айыққандар саны 750 мыңға жуық.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2 334  адамға жетіп, 24 науқас қайтыс болды. Ал дерттен айығып шыққандар саны 585.

Жаңалықтар
0