15:42 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
267 0 0

Ресей Федерациясының премьер-министрі міндетін атқарушы қызметіне бірінші вице-премьер Андрей Белоусов тағайындалды

АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин президент Владимир Путинге коронавируспен ауырып қалғанын, соған байланысты өзін-өзі оқшаулауға кететінін хабарлады.

"Құрметті Владимир Владимирович, жаңа ғана коронавирусқа тапсырған тесттің оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соған байланысты және бекітілген талаптарға сәйкес, оқшаулау ережелерін сақтап, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет", - деді Мишустин Путинге.

Кездесу видеоконференция режимінде өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Үкімет төрағасы өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты премьердің міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.

Тағы оқыңыз: 12 мамырдан бастап Ресей коронавирусқа байланысты шектеулерді  жеңілдете бастайды

"Уақытша атқарушы ретінде Андрей Рэмович Белоусовтың кандидатурасын ұсынамын", - деді премьер.

Бұл ретте Мишустин үкімет жұмысты әрі қарай жалғастыратынын, ал өзі байланысқа шығып отыратынын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр міндетін атқарушы қызметіне бірінші вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша

Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жіберді
Ресей мен Қытай өзара көмектің жаңа жүйесін құруды көздейді 
Нұр-Сұлтанда коронавирустан Ресей азаматы қайтыс болды
Ресей COVID-19 жұқтырғандар бойынша Қытайды басып озды
Кілт сөздер:
үкімет, коронавирус, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып