18:12 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
229 0 0

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы бейнеконференция үлгісінде кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Коронавирусқа қарсы антиденелерді анықтауға арналған ресейлік тест жүйесі әлемдегі ең үздіктердің бірі деп аталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Энгельгардт атындағы молекулалық биология институтының директоры Александр Макаров мәлімдеді.

"АҚШ-та осы түрдегі жүйелерді бір-бірімен салыстыратын халықаралық жаһандық зерттеу қазір ғана жарияланды. Онда біздің жүйеміз де болды. Ол жақсы орынға ие болды, бірінші-екінші орынды бөлісті, өйткені ол науқастардың 99%-дегі антиденелерді анықтайды және жалған мәлімет бермейді", - деді Макаров президент Владимир Путин өткізген генетикалық технологияларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті 

Коронавирус вакцинасын сынақтан өткізуге "гуманизацияланған " тышқандар пайдаланылмақ.

Институт мамандары отандық генетикалық модификацияланған ("гуманизацияланған" деп аталатын) тышқандарды өсіріп шығарды, деп жалғастырды Макаров.

"Біз гуманизацияланған тышқандармен жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, бұл гендердің бір бөлігі адам гендерімен алмастырылады деген сөз", - деді Макаров.

Бұл ауыр сырқаттарды емдеуде жаңа препараттарды қолдану жөнінде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді ол.

"Өте қызықты. Тышқандарды гуманизациялау туралы айтылғанда, басқаны қайдам, менің бойымда қандай да бір құрмет көрсету сезімі және ішкі мазасыздық пайда болды. Тектік-инженерлік қиялда осы гуманизацияланған тышқандардың әр түрлі кескіні пайда болады екен, мұның бәрі бақылауда болады деп үміттенемін", - деп атап өтті Путин.

14 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде 252 235 адам коронавирус жұқтырды. Оның 53 530-ы сауығып шықты, 2 305 адам қайтыс болды.  

Тақырып бойынша

Ресейдің мәдениет министрі коронавирус жұқтырды
Путин премьер Мишустиннің денсаулық жағдайы туралы айтты
Тоқаев коронавирус жұқтырған Мишустинге тезірек сауығуды тіледі
Ресейде 12 мамырда жұмыс кезеңі басталады - Путин
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып