16:39 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Мерекелік топтарға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскерилері кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ресейдің Қызыл алаңында өтіп жатқан Жеңіс парадына Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының мерекелік топтары қатысып жатыр.

ҰҚШҰ бірлескен штабының бастығы, генерал-полковник Анатолий Сидоровтың айутынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының мерекелік топтарының Жеңіс парадына қатысуы ұйымға кіретін мемлекеттердің бірлігін көрсетіп отыр.

"Бұдан бөлек, ұжымдық қауіпсіздік жүйелерінің дайындығы мен қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы тиімді әрекет ете алатынын көрсетеді", - дейді Сидоров РИА Новостиге берген сұхбатында. 

Мерекелік топтарға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскерилері кіреді. Олар алфавит тәртібі бойынша Қызыл алаңмен жүріп өтеді.

Жеңіс Парадына 13 мыңнан астам әскери қатысып отыр. Бұдан бөлек, 234 дана заманауи және тарихи әскери техника шығарылады. Көрерменнің назарына танктерді қолдауға арналған "Терминатор" жауынгерлік машинасы, өздігімен жүретін "Коалиция-СВ" мен "Мста-СМ" гаубицалары, Т-90М мен "Армата" танктері, "Бук-М3", "Тор-М2" пен С-400 зениттік зымыран кешендері, сондай-ақ, 75 ұшақ пен тікұшақ ұсынылады.

Тура 75 жыл бұрын 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда тарихи жеңіске арналған парад ұйымдастырылған болатын.

Оқи отырыңыз: Путин парадқа дейін Тоқаевпен сөйлесті

Жеңіс парадына Абхазия президенті Аслан Бжания, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Молдова басшысы Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Тәжікстанның басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибилов, Босния мен Герцеговинаның президиум басшысы Милорад Додик келді.

Кілт сөздер:
Жеңіс күні
Загрузка...

Басты тақырып