Әлем

Біз кеңес халқының нацизмді жойғанын әрдайым есте сақтаймыз – Путин

© Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин принял участие в военном параде в ознаменование 75-летия Победы в Великой Отечественной войне
Президент РФ Владимир Путин принял участие в военном параде в ознаменование 75-летия Победы в Великой Отечественной войне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парадқа Ресей сарбаздарымен бірге бұрынғы кеңестік Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан республикаларының өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, арасында Үндістан, Қытай, Моңғолия және Сербия сарбаздары да бар

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Мәскеуде қызыл алаңда өтіп жатқан парадта Ресей президенті Владимир Путин парадқа қатысушыларды Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, нацизмге қарсы күресте негізгі ауыртпашылық кеңес әскеріне түскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл ғаламшардың болашағын ондаған жылға ерте айқындаған жеңіс. Ауқымы мен мәні, рухани адамгершілігі бойынша ең үлкен жеңіс ретінде тарихта мәңгі сақталып қалды, - деді Путин өз сөзінде.

Осыдан тура 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының аяқталғанын салтанатты түрде атап өту үшін Кремль қабырғасында жеңімпаздардың аты аңызға айналған шеруі өтті, деді Путин. Сонымен қатар майдан шебінде еңбек еткен кеңес әскерінің еңбегін еске алды.

"Біз кеңес халқының, Кеңес Одағының барлық республикасының миллиондаған адамының нацизмді жойғанын әрдайым есте сақтаймыз. Олар майдан шебі мен тылда, партизан отрядтарында және астыртын әрекет ету қызметінде ерлік пен бірлік заңы бойынша күресіп, еңбек етті. Өз елін қорғап, соңына дейін күресті. Еуропа мемлекеттерін басқыншылардан азат етіп, Холокост қасіретін тоқтатып, Германия халқын оның өлімге апарар идеологиясынан, нацизмнен құтқарды", - деді Путин.

Қызыл әскер сарбаздарына соғыс та, даңқ та, құрмет те қажет емес еді, деп жалғастырды ол.

"Олар жауды жеңіп, жеңіске жетіп, үйге оралғысы келді. Еуропа бостандығы үшін үлкен құн төледі. Жүздеген мың жауынгер бөтен елде қалды. Біздің парызымыз – осының бәрін есте сақтау. Нацизммен күресте негізгі салмақ кеңес халқына түскенін есте сақтау қажет", - деп жалғастырды Ресей басшысы.

1941 жылы Германия қарулы күштері мен оның серіктерінің 80%-інен астамы КСРО-ға қарсы шықты, бірақ бұл аяусыз әскер кеңес азаматтарының бірлігі алдында әлсіз болды, деп атап өтті Путин.

"Мәскеуде өткен әскери парад "қасиетті ақиқат пен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын анықтаған жеңімпаз ұрпақтың құрметіне арналады", - деді Путин.

"Ғаламшардағы бейбітшілік үшін күрескендерді еске алу үшін Мәскеуге әр елден келген достарымызды құшақ жая қарсы алуға дайынбыз. Жеңісті жақындатқан одақтастарымыздың 1944 жылдың маусымындағы екінші майданның маңызын түсінуге қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймыз", - деді Путин.

Ресей басшысы бүгінде халықтар арасындағы достықты, сенімді нығайту өте маңызды екенін атап өтті. Ресей халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша диалог пен ынтымақтастық үшін ашық, деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті

"Олардың арасында қазіргі тез өзгеретін әрі күрделі әлемге қажет қауіпсіздіктің сенімді ортақ жүйесін құру мәселесі бар. Тек бірлескен кезде ғана қандай да бір қауіп-қатерден қорғай аламыз", - деді Путин.

Айта кетейік, Жеңістің 75 жылдығына арналған парад Мәскеуде Қызыл алаңда өтіп жатыр.

Парадқа Абхазия президенті Аслан Бжания, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Молдова президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибилов, Сербия президенті Милорад Додик келді.

Жаңалықтар
0