12:38 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған парад 9 мамырға жоспарланған еді, алайда коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Дәл сол алаң, СШ-40 болаттан соққан бас киім киген жастар, елдің бас алаңына шығатын парад легі, Т-34 танкі. Мәскеудегі Жеңістің мерейтойлық парады ардагерлерге осыдан 75 жыл бұрын, 1945 жылдың 24 маусымында болған шеруді еске салды. Трибунаның алдындағы салтанатты сапқа 15 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты, деп хабарлайды РИА Новости.

Кремль сағаты 9.30-ды көрсетіп тұр, парадтың басталуына жарты сағат қалды. Ал Қарулы күштердің барлық түрі алаңда өз орнына жайғасты. Көрермендер де орындарына отырды. Олардың саны әдеттегіге қарағанда әлдеқайда аз, трибунада отырғандардың басым бөлігі – ардагерлер. Журналистердің барлығы алаңға бара алмайды, тек телеоператорлар мен фототілшілер ғана жіберілді. Қалғандары баспасөз орталығында отырды. Мұның алдында қала әкімі Сергей Собянин тұрғындарға шеруді үйде теледидар арқылы қарауға кеңес берді, себебі бұқаралық жиындарды өткізуге әлі де болса тыйым салынған.

Фотохост-агентство
Жеңістің 75 жылдығына арналған парад

Мәскеудің ауа райы да жылы болып тұр, ауа температурасы +24 градус. Ал осыдан 75 жыл бұрын астанада қатты нөсер жауған еді. Сол кезде парадтың командирі болған Константин Рокоссовскийдің немересі Ариананың айтуынша, шеруден кейін командирге өзінің үстіндегі маршаль мундирін жеңінің тігісінен сөгуіне тура келген, себебі мата суланып, денесін мұздатқан. Басқаша жолмен шешу мүмкін емес еді.

Ал қазір парадтағы рәсімді құрлық әскерінің басшысы, армия генералы Олег Салюков басқарады. Одан шеруді қорғаныс министрі Сергей Шойгу қабылдайды. Тұп-тура сағат 10.00-де олар aurus парад кабриолетінде алаңның ортасында пайда болды, сап түзеген әрбір әскери бөлімге сәлем беріп шықты. 1945 жылдың 24 маусымында Жуков пен Рокоссовский кавалер аттарының үстінде Ұлы Отан соғысы құрамасына салют атты.

Осыдан кейін Шойгу Михаил Глинканың әніне жазылған "Славься" әнімен Қызыл алаң орталығына әскердің дайындығы туралы Жоғарғы Бас қолбасшыға рапорт берді.

Тарихқа құрмет көрсету

Парадтағы алғашқы сөз Ресей президенті Владимир Путинге берілді, ол құрметті қонақтармен бірге трибуна ортасында отырды. Ал осыдан 75 жыл бұрын Георгий Жуков кесенеде тұрып сөз сөйлеген еді. Жуков та, Путин де Қызыл әскер Германия нацизмінен азат еткенін, азат ету жолында қызыл әскердің үлкен рөл атқарғанын атап өтті. Кеңес жауынгерлері вармахттың негізгі күшін жойып, неміс танктері мен ұшақтарының 75 процентін жойды.

Кремльде үш рет "Ура" деп айғайлаған дауыс естілді. Қызыл алаңға Халилов атындағы Мәскеу әскери-музыкалық училищесінің жас барабаншылар ротасы шықты. 1945 жылдың 24 маусымындағы парадты сол кездегі солардың құрдастары суворовшылар барабанмен ашқан болатын. Осыдан кейін алаңға ту ұстаған топ пен Ресей Қарулы күштерінің барлық түрінің құрметті қарауылдары келді.

© Sputnik / Host photo agency / Evgeny Biyatov
Қызыл алаңдағы Т-34-85 танктері

Олардан кейін Қызыл алаңға Ұлы Отан соғысы кезінен бері келе жатқан формамен он бір бөлімше сапқа тұрды.

Стратегиялық мақсаттағы ракета әскерлері әскери академиясының әскерилері трибуна маңынан фронт штандарттарын алып өтті. Дәл 75 жыл бұрынғыдай, алдымен – Кремль майданының жалауы, кейінгісі – 3-ші Украина майданының туы. Содан кейін Мәскеу жоғары жалпы әскери командалық училищесінің ту ұстаушы тобы шықты. Олардың артынан алаңға минутына 120 қадам басып жаяу әскерлер, ұшқыштар, теңізшілер, инженерлер, барлаушылар, шекарашылар, халық жасақтары мен казактар шықты.

Парад формасы 1945 жылы болған Жеңіс шеруіне майдангерлер киген үлгі бойынша тігілген. Маталар мен фурнитура 1940-шы жылдары қолданылған маталарға сәйкес келеді. Тіпті офицерлер жағасындағы алтын түстес өрнек те сәйкес келеді. Тапсырысты соғыс жылдарында да жұмыс істеген Володарский атындағы Питердегі тігін фабрикасы қысқа мерзімде орындады. Үш линейкалары бар тарихи ротаның жауынгерлері 1945 жылдың 24 маусымындағы кинолардағыдай көрінеді.

Жетпіс бес жыл бұрын Жеңіс шеруіне бір ғана шет мемлекет қатысты. Бұл құрмет 1-ші Белорусь майданының жиынтық полкінің құрамында кесененің маңынан жүріп өткен поляк әскерінің өкілдеріне бұйырды. Бүгін Қызыл алаңнан 13 елдің әскері жүріп өтті: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан және Түрікменстан, әр елден 70 адамнан қатысты.

Тағы оқыңыз: Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео

Трибунаның жанынан суворовшылар және нахимовшлар, жас сарбаздар, Құрлық әскері мен әйелдерден тұратын әскерилер легі өтті. Олардың орнына Ресейдің Қарулы күштерінің және басқа да әскери күш ведомстваларының әр түрінен құрылған лек келді. 75 жыл бұрын тек теңізшілерден басқа ұшқыштар, жаяу әскер, танкшылар мен барлаушылар бір сапқа тұрды. Әскери-теңіз флоты әскері вице-адмирал Владимир Фадеевтің қолбасшылығымен шықты, оның ішінде Солтүстік, Балтық және Қара теңіз флоттарының өкілдері болды, Днепр және Дунай флоты бөлек жүріп өтті.

Т-34 ұрпағы

Қызыл алаңға маторы гулеген отыз бір Т-34-85 танкі шықты. Қазіргі заманның тарихында аты аңызға айналған мұндай көліктердің ауқымды көрсетілімі болған емес. Бұған Лаоспен келісімге келудің көп пайдасы тиді, себебі өткен жылдың қаңтарында Кеңес Одағы сатқан отыз жарамды танкті Лаос сыйға берген болатын. Әрине, бұл танк 1945 жылдың парадында да болды, ол кезде Ис-2-мен бірге арьергарда 1 850 әскери көлік сапқа тұрды.

Одан кейін Т-90М және Т-80БВМ жаңғыртылған негізгі жауынгерлік танкілер көрсетілді. Артиллеристер атақты "Смерчу "орнына келген "Торнадо-с " жаңа реактивті жүйелерімен трибунаның маңынан өтті.

Әуе қорғанысы мамандары С-350 "Витязь" зениттік-зымыран кешенін, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері доңғалақты шассидегі ТОС-2 "Тосочка" ауыр отты жүйесін көрсетті. Т-14 танктері және "Армата" платформасындағы Т-15 ауыр жаяу әскердің жауынгерлік көлігі, "Курганец-25", "Бумеранг" және өздігінен жүретін "Коалиция-СВ" жаңа ұрпақтың жауынгерлік техникасы да көрсетілді.

Жетпіс бес жыл бұрын парадтың әуе бөлігі соңғы сәтте ауа райына байланысты ұшпай қалды, 220-дан астам ұшақ ішінде орналасқан арада әуеайлақтарда қалды. Ауа райы жақсы болған соң, Қызыл алаң үстінен ВКС ұшақтары мен тікұшақтары ұшып өтті. Олар: Су-35, Су-30, МиГ-29СМТ, Су-57 жойғыш ұшақтары, Су-24М2 және Су-34 бомбалаушылары, Су-25 штурмовиктері, "Кинжал" жаңа гипер дыбысты зымырандары бар МиГ-31 ұстаушылары, Ту-95 және Ту-160 стратегиялық зымыран тасығыштары, сондай-ақ Ми-35М, Ка-52 және Ми-28 жауынгерлік тікұшақтары.

Осыдан 75 жыл бұрын да парадты оркестр аяқтаған еді. 1945 жылдың жиырма төртінші маусымында музыканттар "Отан Даңқы" маршын орындаса, олардың ұрпақтары бүгін "Жеңіс күні" әнін орындады.

Мәскеуліктер Кремль маңына жиналды

РИА Новости тілшісі Мәскеу орталығында болып, шеру кезінде не болғанын көріп қайтты.

Таңғы тоғыздан Москворецка жағалауының үстіндегі үлкен Устьинск көпірінде аяқ алып жүрер жер болмады. Бұл шеру қатысушыларын алыстан көруге болатын аздаған орынның бірі – Қызыл алаңнан қайтып келетін әскери қызметшілер колонналарының өтуін және авиациялық шоуды да осында көруге болады.

Кремльге жанасқан барлық көше автокөлік жүргізушілері үшін де, жаяу жүргіншілерге де жабық болды. Сондықтан көпірге бірнеше мың адам жиналды. Біразында медициналық маска болды.

Таңертең көп адам смартфонын қосып, шерудің онлайн-көрсетілімін қарады. Көпшілік те президент бір минут үнсіздік жариялаған кезде тыныштала кетті. Одан бірнеше минут өткен соң "Жеңімпаздарға даңқ! Алақай!" деп айғайлады. 

- Дәл біздің астымыздан әскерилер өте ме?

- Жыл сайын осы жерден өтетін.

- Ал техниканы қайдан көруге болады?

- Кремльден Жаңа арбат жаққа бұрылады, дұрысы Звенигород тас жолына бару.

Шеруді аяқтағаннан кейін бірнеше минуттан соң Москворецкада алғашқы бағандар көрсетілді. Алда – Қызыл  әскер майдандарының штандарттары бар әскери қызметшілер. "Жеңіс құтты болсын" деп топ ішінде айғайлады. Әр топ көпірдің астында өз әнін салып өтіп жатыр: "Едут-едут по Берлину наши казаки", "Жеңіс күні", "Ладога, родная Ладога". Таныс сөздерді көптірдің үстіндегілер де іліп алып кетіп жатыр.

Военный парад в ознаменование 75-летия Победы
© Sputnik / Фотохост-агентство
Жеңіс парады

Парадқа қатысушылар әлі де болса саптағы қатарды сақтап тұр, алайда енді біраз демалуға, күлуге, қолдарын бұлғауға мүмкіндігі бар. Балтық флотының теңізшілер колоннасы жағалауда тоқтап, команда бойынша көрерменге қол бұлғап тұр. Әскерилер мәскеуліктердің көңілін көтеру үшін бәріне баруға дайын сияқты.

"Міне, керемет! Баршаны мейраммен құттықтаймын!" деп бір-бірін құттықтап жүргендер көп. Астана үстінде ұшақ қалдырған көк түтіннің ізі көрінеді, ал көпшілік салтанатты маршқа қатысушылармен суретке түсу үшін асығып тұр.

Қатысушылардың біреуі Звенигородское тас жолынан басқа орынға назарын сала кетті. Екі жағында жүзге тарта адам тұр, олар өтіп бара жатқан техника экипажына қол бұлғайды, олар да кері байланысқа шығады. Ал аты аңызға айналған Т-34 көрсетілгенде, жиналғандар "Парадтың кейінге қалдырылғаны маңызды емес, сезім мен көз жасының шынайы болғаны маңызды", - десті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Жеңіс парады 9 мамырда өткізіледі деп жоспарланды, алайда коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды.

Кілт сөздер:
жеңіс
Загрузка...

Басты тақырып