12:48 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, әлемде науқастардың жалпы саны 9,8 миллион адамнан асты

АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның үш прототипі сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында "Вектор" орталығының бас директоры Ринат Максютов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл алынған нәтижелер тұрғысынан ең озық препарат болып саналады", - деді ол сұхбатында.

Максютов орталықта жаңа буын вакцинасын жасау үшін бірнеше топтың жұмыс істеп жатқанын айтты. Айтуынша, барлығы 100-ден аса қызметкер бар.

"Ең бастысы – вакцина салынғандарды аурудан қорғау. Ең қиыны – сол қорғанысты қалыптастыра алатын қауіпсіз препарат жасау", - деп атап өтті ол.

Бұған дейін вице-премьер Татьяна Голикова "Вектор" орталығын COVID-19 вакцинасын жасау бойынша көшбасшылардың бірі деп атады.

Коронавирус пандемиясы әлемнің барлық елін қамтыды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, науқастардың жалпы саны 9,8 миллионнан адамнан асты, оның ішінде 495 мың адам қайтыс болды.

Загрузка...

Басты тақырып