17:41 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
124 0 0

Майдангер батырлардың құрметіне 26 шілдеде "Мәңгілік даңқ" дәстүрлі шеруін өткізу жоспарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. 26 шілдеде "Мәңгілік даңқ" шеруі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтпейді, деп хабарлады "Ресейдің мәңгілік даңқы" баспасөз қызметі.

Бұл шешім ұйымның онлайн отырысынан кейін қабылданды.

"Отырыстың ең өзекті тақырыбы "Мәңгілік даңқ" дәстүрлі шеруін талқылау болды, бұл шеру барысында адамдар Ұлы Отан соғысы кезінде Отан қорғаған аталары мен бабаларының портреттерін орталық көшелерде салтанатты түрде алып жүреді... Қатысушылар елдегі эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берген кезде шеру өткізуге өтініш беруге болатынын атап өтті", - делінген хабарламада.

КСРО халық әртісі, "Ресейдің мәңгілік даңқы" қозғалысы орталық штабының тең төрағасы Василий Лановой шеруді келесі жылы 9 мамырда өткізуді ұсынды.

"Он миллиондаған адам біздің әкелерімізді, аталарымыз бен бабаларымызды ұлықтауға арналған еске алу шараларына қатысты. 9 мамырда, 22 және 24 маусымда біз олардың ерліктерін еске алдық, тірілерге құрмет көрсетіп, қайтыс болғандардың рухына тағзым еттік. Мүмкін шеруді 2021 жылдың 9 мамырында Жеңіс күні толыққанды форматта өткізу керек шығар?", - деп қозғалыс сайтында Лановойдың сөзінен үзінді келтірілген.

Естеріңізге сала кетейік, "Мәңгілік даңқ" дәстүрлі шеруі жыл сайын 9 мамырда Жеңіс күніне орай өткізіледі. Бұл күні майдангерлердің отбасылары туыстарының портреттерін ұстап маршқа шығады. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты шеруді кейінге шегеруге тура келді.

Акция онлайн режимінде өтті – телеарналар эфирінде майдангерлердің суреттері көрсетілді.

Кейін шеру 26 шілде – Әскери-теңіз күштері күніне белгіленді.

Қазақстандағы Мәңгілік даңқ

"Мәңгілік даңқ" шеруі Қазақстанда 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Соңғы жылдары оған 25 мыңнан астам адам қатысып жүр.

Загрузка...

Басты тақырып