Әлем

Ресей премьері Мишустин пандемияның оң тұстарын атады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуРФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин
РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
РФ премьер-министрі Михаил Мишустин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында үкімет басшысы болу туралы ұсыныс жайлы, коронавирустан қалай емделгенін және Ресейдің пандемия жағдайында дамуы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Михаил Мишустин Владимир Путиннің Ресей премьері болу туралы ұсынысын қабыл алған кезде, қандай сын-қатерлермен бетпе-бет келетінін сезбеген. Бұл туралы үкімет төрағасы "Россия 24" телеарнасының эфирінде айтты.

Оның үстіне коронавирус індетінің ауқымы бұлайша ұлғайып кететінін ешкім болжамаған еді. Эпидемия нағыз пандемияға айналып, бүкіл әлемде кем дегенде 600 000 адамның өмірін жалмады.

Үкіметті басқару туралы ұсыныс

"Алда өзіңді қандай сынақтар күтіп тұрғанын көзге елестету өте қиын. Маған үкіметте жұмыс істеуді Ресей президенті Владимир Путин ұсынды. Мақсат оның қаңтарда жариялаған жолдауындағы негізгі шараларды орындау болатын", - деді Михаил Мишустин.

Премьерге жолдауда қойылған міндеттерден бөлек, індетпен күреске бағытталған шараларды қабылдауға тура келді. Айтуынша, бұл оған оңайға соқпады.

Тағы оқыңыз: Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағы аяқталды – видео

Михаил Мишустин Ресей коронавируспен күрестің ең қиын кезеңінен жақсы көрсеткішпен өткенін мәлімдеді.

"Біз бұл кезеңнен өттік, бәлкім, нәтиже жағынан әлемдегі үздіктердің бірі шығармыз. Бұл өлім-жітімге де, тестілеу жүйесіне де қатысты", - деп атап өтті ол.

Оқушы кездегі арманы

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин бозбала шағында медицина институтына түсуді қалағанын айтты.

"Менің анам –  көп жылдық еңбек өтілі бар медбике. Дәрігерлерді бала кезімнен жақсы көремін, өйткені айналамда үнемі ақхалаттылар болды – анамның құрбылары, достары, таныстары. Соларға қарап, мен де дәрігер болуды қаладым. Салық қызметіне жұмысқа орналасардың алдында медицина институтына түспекші де болдым", - дейді ресейлік премьер.

Коронавирустан емделгені жайлы

Сәуір айының соңында Михаил Мишустиннің коронавирусқа тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Айтуынша, дерттен құлан-таза айығып шығу оңай болмаған, дене қызуы жоғары болған.

"Өкінішке қарай, менде жоғары температура болды, тез жазылып шықтым деп айта алмаймын. Алайда, өзімді жақсы сезіне бастағаннан кейін, әрине, бірден жұмысыма оралдым", - деді Мишустин.

Премьердің жұмысқа шыққаны жайлы ресми ақпарат 19 мамырда, яғни ауырып қалғаннан кейін үш аптадан соң жарияланды. Ол вирус "лауазым таңдамайтынын және өте қауіпті екенін" айтты.

"Вирусты қалай жұқтырып алғанымды білмеймін. Осы орайда індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Әлемнің өзге дәрігерлері де біздің ресейлік дәрігерлер сияқты жұмыс істесін деп тілейік", - деді үкімет төрағасы.

Ресейде коронавирустың екінші толқыны бола ма?

"Әзірше, біздің ғалымдар мен мамандар ондай алғышарттарды көріп тұрған жоқ. Роспотребнадзор мен дәрігерлердің барлық ақыл-кеңесін орындасақ, екінші толқын болмайды. Соған сенеміз", - дейді Мишустин.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ресейде коронавирус жұқтырған адамдардың саны азайып келеді. Вирустың таралуы ғана емес, оның ауруды қоздыру қабілеті де, адам өлімі де төмендеп жатыр.

Пандемияның оң тұстары бар ма?

Коронавирус пандемиясы кезінде шекаралар жабылды. Осындайда ішкі туризмді дамыту мәселесі туындайды. Ресей премьер-министрі ол үшін тиісті жағдай жасау қажет деп санайды.

Тағы оқыңыз: Ресей коронавируспен күресте ЕАЭО елдеріне көмек көрсетуді жалғастырады – Мишустин

"Иә, жаңа жерлерді көресің, еліңді танисың. Осы жағынан жақсы. Себебі тамаша жерлер, курорттар бар. Инфрақұрылымды жасау қажет. Жеке инвесторлардың инвестициясы керек. Әрине, арзан билеттер болуы тиіс. Сонда адамдар ондай жерлерге кез келген көлікпен жете алады", - деп атап өтті үкімет басшысы.

Эпидемиядан кейінгі өмір қалай болады?

Михаил Мишустиннің айтуынша, пандемияға дейін бюджетке түскен қаражат тұрақтылыққа негіз болады. Премьер-министр коронавирустың экономикалық өсімді тежегенін, компанияларға және қарапайым халыққа зиян келтіргенін мойындады. Себебі барлық деңгейде табыстың төмендегені байқалып отыр. Алайда тұрақтылыққа негіз болатын қаржы бар.  

"Ресейдің барлық деңгейдегі бюджеттеріне түскен кіріс өзімізді жайлы сезінуге мүмкіндік беретінін сеніммен айта аламын", — дейді министрлер кабинетінің басшысы.

Жаңалықтар
0