Әлем

Ресей "Балқаш" радиолокациялық станциясына қатысты келісімнің күшін жойды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуРадиолокациялық станция
Радиолокациялық станция  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы радиолокациялық стансаны алмастыру үшін Ресейде Орск қаласының маңында қуаты одан да зор  "Воронеж-М" жүйесі құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ресей Федерация кеңесі "Балқаш" торабын Ресейдің зымыран шабуылы туралы ескертетін жүйесіне беру туралы Қазақстанмен арадағы 2014 жылғы келісімнің күшін жойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей мүлкі келісім аяқталғанға дейін өз еліне жеткізіледі. Келісімді кез келген тарап жоя алады, хабарландыру оның күші аяқталғанға дейін кем дегенде жарты жыл бұрын жіберілуі тиіс.

Балқаш радиолокациялық станциясына балама ретінде Орск түбінде  "Воронеж-М" жаңа станциясы пайда болды. Сондай-ақ, Ресейде жаңа станциялар Барнауылда, Омбы мен Армавирде құрылған. Олар зымырандарды 6 мың шақырым қашықтықтан байқай алады, бұл "Балқаш" РЛС-тың мүмкіндіктерінен екі есеге көп.

"Балқаш" радиолокациялық станциясы Қазақстандағы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан. Ол ракеталық шабуылдардың алдын алу және ғарыш жерсеріктеріне мониторинг жасау үшін қолданылды.

Тағы оқыңыз: Ресей Балқаштағы РЛС-тан не себепті бас тартты

"Балқаш" торабына ресейлік зымыран шабуылы туралы ескерту және ғарыш кеңістігін бақылау жүйесінің құрамында пайдаланылатын "Днепр" радиолокациялық стансасы кіреді.

Бұған дейін, 2012 жылы ресейлік тарап Әзербайжанның Габала қаласындағы "Дарьял" РЛС-ты пайдалануды тоқтатқан болатын.

Жаңалықтар
0